Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
03:49, 02 апреля 2011

"Асыларна" телеарнасы

 

Арнаның негізгі мақсаты – бейбітшілік пен төзімділіктің, мейірім мен дінге деген сенімді арттыру. Ұстанатын ұстанымы – ислам дінінің сүнниттік бағыты. Қазақстан мұсылмандар Діни Басқармасының қолдауымен 2007-жылы қыркүйек айында құрылған арна 1 жылдан соң ресми тіркеліп, осы күнге дейін 1000 сағаттық бағдарламалар топтамасын дайындаған.

Қазақстан халқының 70 пайызы мұсылман десек те, өз елімізде мұсылман болудың қиыншылықтары да бар. Сондай қиыншылықтардың бірі медиа арқылы діни хабар тарату деп ойлаймын. Сондай қиындықтардың күрмелген түйіні шешіліп келеді уақыт өте. Шүкір! Асыл арна телеарнасы да осы салада үлкен еңбек атқаруда.

Телеарнада балаларға арналған, әйелдерге арналған, қыздарға арналған, әжелерімізге арналған, зиялы қауымға арналған, орыс тілінде, қазақ тілінде көптеген ислами мұсылманша бағдарламалар қамтып отырмыз. Себебі, тағы бір қуана айтатын нәрсеміз, мұнда халқымыз қауышпаған тың деректі фильмдердің топталары бар. Пайғамбарларымызғақатысты, діннің тарихына қатысты, мұсылман елдеріне қатысты.

0
365
2