Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
-6
14:22, 20 июня 2009

Твиттер деген не?

Твиттердің танымалдылығы баршамызға аян, алайда, Twitter деген не және оны қалай/не үшін қолданады деген сұрақтарды әлі де естуге болады. Былай қарасаңыз, сұрақтар қарапайым, бірақ оларға бірден жауап беру қиындау. Микроблогингтің осы түрін пайдалану кеңестері орыс тілінде де, ағылшын тілінде де көп, бірақ солардың ішінен маған ұнағаны осы. Бір жағынан, осы тақырыпқа арналған жазбаны өзім жазуға ерінген де шығармын, қысқасы, Ольга Шагалованың (@olyapka) рұқсатымен осы жазбаны аудара салдым (қазақстандық оқырман үшін жасалған материал болғандықтан, сәл өзгертуге тура келді).

Blog post image

Этимологиядан бастасақ, Twitter ағылшын тілінде - сөйлеу, сайрау. Байқасаңыз, бәріміз де твиттерде сүйтеміз. Твиттер - бұл микроблог. Мысалы, Сіздің бір блогыңыз бар - ЖЖда, евижнда, вордпрессте немесе басқа бір жерде. Осы блогтарда 1 сөйлемді жазу оңай емес екеніне келісетін шығарсыздар. Ол үшін «жаңа жазба» дегенді басып, сосын ілмектер мен тағы бірдеңелерін қосу керек. Көбінде 1-2 сөйлемнен немесе 1 сілтеме, не фотодан құрылған блог-жазба болмайды деп айтуға болады (неге? евижнда көп кездеседі, - деп ойлаған шығарсыз ^_^). Себебі блогтың жанры көбірек ақпаратты талап етеді. Кейде өмірден байқағаныңызды, ойыңызды, факт, сілтеме не фотоны тез жариялағыңыз келеді; сол үшін твиттерді ойлап тапты. Үлкен блогты емес, микроблогты.

Blog post image

Blog post image

Формальді түрде бұл Сіздің «статустарыңыздан» құрылған хабарламалар және оларды барлық достарыңыз көре алады. Сіз «Дәл қазір не істеп жатырмын?» деген сұраққа жауап бересіз (гольф ойнап жатырмын, кофе ішіп отырмын, көшеде келе жатырмын, жоғалтып алған кілтімді іздеп жүрмін, т.б.) ал басқалар осыны оқиды. Бірақ Твиттер статустар қорынан әлдеқайда маңыздырақ болды. Сондықтан да, «Твиттер деген не?» сұрағына жауап беру оңай емес.

Былайша айтқанда, бұл өмірде назар аударатын нәрселерден құралған хабарламалар. Твиттер - бұл досыңыз да, жолсерігіңіз де, ол әрқашан қасыңызда - ноутбукта, телефонда бола алады. Айналада не болып жатыр, не қызықтырады, әлде сұрағыңыз бар ма, сілтемені басқаларға көрсетем дейсіз бе. Әр хабарлама 140 символдан тұрады, сондықтан қысқа да нұсқа жазу қажет. Тек қана өзіңіздің өміріңіз жайлы жазбай, басқалардың да твиттер-лентасын оқып, хабардар болуға болады. Твиттер - қызықты мекен, біреу көмектеседі, біреу қалжыңдасып, көңіл-күйіңді көтереді. Бұл ыңғайлы ақпарат алмасу форматы.

Енді оны қолдану жөнінде. Twitter.com - ды ашып, оған тіркеліңіз және ... твит жаза бастаңыз. Қалай? Сайттың өзінен жазуға болады, бірақ көптеген твиттер-клиенттер де баршылық. Мысалы, Макинтош үшін ыңғайлы Tweetie және Twitterific. Windows-қолданушылары үшін Twhirl және Tweetdeck, Linux үшін Gwibber твиттер-клиенті жақсы. Айфонда Twitterific-тен жақсысы жоқ. Қарапайым телефондар үшін - Twibble. WM-коммуникаторы үшін - TinyTwitter. Клиенттердің бәрі дерлік жақсы, твитке фотографияны қосуға, яғни тек қана айтуға емес, көрсетуге де мүмкіндік береді. Көбісі орналасу орнын да (телефонда GPS болса сол арқылы, немесе базалық станциялардың операторлар мәліметтері) көрсетіп, твитке координаттарды қосады.

Blog post image

Blog post image

Әрине, тек өзіңіз үшін твиттерді жазбайсыз, сондықтан да тви-адресіңізді достарыңызға хабарлаңыз. Олар сізге жазылады, ал Сіз достарыңыздан басқа қызықты твиттеряндарды тауып аласыз. Қалай? Егер твиттерде таныстарыңыз болса, солардан сұраңыз, немесе достарыңыздың фолловингтер және фолловерлер тізімін қараңыз. Фолловерлер (followers) - бұл сізге жазылған адамдар. Ал фолловингтер (followings) - өзіңіз жазылып қойған адамдар. Бұл ағылшын тіліндегі Follow - қадағалау, бақылау сөзінен шыққан. «Фоллоу жасау» немесе «фоллоудан шығаруды» Twitter.com - ның өзінен жасауға болады, бірақ көп клиенттер де осы функцияға ие.

Blog post image

Твиттер-клиенттен хабарлама жібере аласыз және осы клиент лентаңызды жаңалап, фолловерлердің хабарламаларын көрсетіп тұрады. Жаңа фолловерлеріңіз пайда болса, почтаңызға ескерту хаттары келіп түседі. Қалауыңызша, осы адамдарға жазыла аласыз.

Твиттердің танымалдылығы күннен-күнге артуда. Шетелдің танымал адамдары Эштон Катчер және оның әйелі Деми Мур сияқты голливуд жұлдыздары да оны қолданады. Ал осы жұлдыздарда миллионнан асатын фолловері бар. Орыс тілді селебритилер әзірге жоқ секілді, тек қана біреудің атын жамылып, твиттерді қолданатындар болмаса.

Твиттер - достармен ақпарат алмасу құралы бола тұрып, RSS-ридер сияқты функцияны да атқара алады. Мысалы, үлкен сайттар, газеттер (@habrahabr, @vedomosti) өзінің тви-аккаунттарын жасап, жаңалықтарды жариялайды.

Кейбіреулер твиттерді өзге ниетпен де қолданады: танымалдылық үшін немесе жарнама, жарнамалық блогын насихаттау үшін. Әдетте ондайлар тым көп адамға жазылып қояды. (Орташа есеппен 100 адамға жазылып, соларды оқып тұрсаңыз да жетеді, себебі фолловингтер саны одан көп болса, бәрін оқып шығуға уақытыңыз жетпейді).

Айта кететін тағы бір қажет нәрсе - реплай (reply - жауап). Твиттерде достарыңыздың хабарламаларын оқып қана қоймай, оларға жауап беруге де болады. Содан болар, Твиттер кейде чатқа ұқсап кетеді, кейбіреулер осыны ұнатпайды. Неге? Мысалы: сіз Ержан мен Нұржанға жазылдыңыз, егер де олар өзара жазыса бастаса, сіз оны көріп отырасыз, бірақ ол қызықсыз болса, сізге осы «хат алмасудың» қажеті бар ма? (Айтпақшы, Ержан сіз танымайтын Айжанмен хабарлама алмасатын болса, сізге бұл ақпарат көрінбейді). Қысқасы, реплай жазуға қорықпаңыз, бірақ ұзақ хат жазысудың қажеті жоқ. Твиттерде жеке хабарламалар (direct messages) функциясы бар. Бір-біріңізге жазылсаңыз, «директтер» арқылы хабарласыңыз. Жалпы, хабарласу үшін көптеген мүмкіндіктер бар, алайда, твиттер - чат емес, ол микроблог.

Blog post image

Blog post image

Твиттеряндар керегесі(#) бар сөздерді жиі қолданады. Бұл не? Бұл «хэштег». Осы сөздер сілтеме ретінде қабылданады. Оларға бассаңыз, осы хэштегті қолданған барлық адамдарды көре аласыз. Бұл өте ыңғайлы, мысалы, сіз #iPhone дегенді қосасыз, және осы тақырыпқа қызығатындар да сүйтеді. Твиттерде арнайы «фича» - трендтер де бар. Олар ең танымал тақырыптарды/сөздерді көрсетеді.

Blog post image

Твиттердегі сілтеме тым ұзақ болса, URL адресін қысқартатын сервис бар. Тви-мессаджте 140 символ ғана болғандықтан, сілтеменің қысқартылғаны жақсы (қаз-твиттеряндар көбінде http://murl.kz/ қолданады). Фотожарияланыммен де ұқсас жағдай. Егер де твиттерге вебтан жазсаңыз, кез-келген жерге суретті жүктеп, оған сілтеме бере аласыз. Ал телефоннан жазатын болсаңыз, түсірілген фото автоматты түрде арнайы хостингке жүктеледі. Қазір Twitpic пен Yfrog танымал.

Blog post image Blog post image

-6
3897
7