kk
0

Ораз Жандосов ұлы тұлға

Ораз Қыйқымұлы Жандосов (1889, Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы — 1938) — мемлекет қайраткері. Ұлы жүздің Шапырашты руынан[1].1918 жылы Верный ерлер гимназиясын бітірген. Қазақстанда кеңестік билік орнағаннан кейін Жетісудың ұлт істері жөніндегі облыс бөлімін басқарды.

Сондай ақ 1924 — 1925 жылы Мәскеудегі жоғарғы кооперативтік курстарда оқыған.

1)1933 жылы Мәскеу геология барлау институтын бітірді.

2)1923 — 1924 жылы Алматы уездік комсомол комитетінің хатшысы,

3)1925 — 1926 жылы Қазақ ауыл шаруашылық кооперациясының бөлім бастығы,

4)1926 — 1929 жылы Ақтөбе губерниясы атқару комитетінің төрағасының орынбасары, губ. жоспарлау басқармасының төрағасы,

5)1933 — 1934 жылы Семей қаласындағы “Қазсирекметаллбарлау” тресінде бастықтың орынбасары, бастығы болды.

6)1935 — 36 ж. Қаскелен геологиялық барлау партиясының бастығы,

7)1936 — 1937 жылы Текелі кен басқару мекемесінің директоры қызметін атқарды.

8)1937 жылы тұтқынға алынып, арандатушы деген айып тағылып.

9)1938 жылы ату жазасына кесілген. Жандосов Қазақстанда тау-кен өндірісін және түсті металл кен орындарын игеру жұмыстарын ұйымдастыруға елеулі үлес қосты.

Азаматтығы:Қазақ елі

Ұлты:Қазақ

Қызметі:геолог

Ораз Жандосов ағамыз туралы басқа не білеміз?


1998 жылдың «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» болып аталғаны жұртшылыққа мәлім. Журнал басшылары жылдың осылай аталуына байланысты тарих қойнауынан материал берсек дегенді айта берді. Сондай нұсқауларға сәйкес елімізде 1917.1937 жылдардың аралығында шыққан мерзімді басылымдарды қарап шығуға тура келді.

Сол мерзімде «Мухбир», «Көмек», «Тілші», «Еңбекші қазақ», «Советская степь», «Жаңа мектеп», «Қызыл Қазақстан» сияқты басылымдар жарық көріпті. Бұларда көптеген проблемалық материалдар жарияланған. Олардың авторлары мемлекет қайраткерлері мен интеллигенция өкілдері. Солардың арасынан газет, журналға көп қатысқандардың бірі .Ораз Жандосов екен.

Біз Ораз Жандосовты ірі мемлекет қайраткері ретінде жақсы білеміз. Ал, оның публицист болғанын, кезінде проблемалық мақалаларды көп жазғанын жалпы журтшылықтың біле бермеуі мүмкін. Ораз Жандосов өз уақытысында өте сауатты болған адам. Ол орыс және қазақ тілдерін жетік меңгерген азамат. Мұның, әрине, өзіндік себептері бар.

Айталық, оның әкесі Қиқым кедейліктің тауқыметін көп тартады, жастайынан орыс байларына жалданып, күнелтеді. Міне, бұл оның орыс тілін үйренуіне түрткі болады. Осыбір оқиға себепші болған болу керек, кейіннен ол баласы Оразды Алматы (Верный) қаласындағы орыс гимназиясына оқуға береді.

Зерек бала бұл оқу орнында жақсы оқиды. Сондықтан да болу керек, оны достары кезінде «ғалым бала» деп атап кеткен.

Орыс гимназиясын ойдағыдай бітірген Ораз қызметте біртіндеп өсе береді. Кейіннен ол Қазақстан Өлкелік партия комитетінің үгіт.насихат бөлімі басшысына дейін көтеріледі. Осы жұмыстарда жүргенде ол қазақ халқының келешегі үшін жан аямай тер төккені байқалады. Әсіресе ол халық арасынан шыққан таланттарды қолдауға үлкен күш салады. Ілияс Жансүгіров, Жамбыл Жабаев сияқты еліміздің біртуар ұлдарының творчестволық жағынан өсуіне жағдай жасайды.Жандосов өте дарынды,сауатты адам болған.Орыс және қазақ тілдерін жетік меңгерген азамат.Мұның,әрине өзіндік себептері болған.Оның әкесі Қиқым кедейлік тауқыметін көп тартады,жастайынан орыс байларына жалданып күнелтеді,жапа шегеді.Осыбір оқиға себепші болу керек баласы Оразды(Верный)қаласындағы орыс гимназиясына оқуға беруге шешім қабылдайды.Орыс гимназиясына ойдағыдай бітірген Ораз қызметте біртіндеп өсе береді.Қазақ халқының амандығы үшін еңбектенгені көрінеді.Бүгінгі күні 30-шы жылдары құрбан болғандар туралы (оның ішінде Ораз ағамызда бар)біржақты сөз айтпаған жөн.Халыққа еңбегі сінген.Ел есімі-Ер есінде….

ҚазҰУ-дың 1 курс студенті

Хабибулла Айдана

Жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева