kk
Default banner
Разное
426 635 постов45 подписчиков
Всяко-разно
1

03.07.13

Біздер бүгін Л.Н.Гумелев атындағы университетке бардық.

IQAA - БСҚТҚА. Еуразия ұлттық университеті – үздіктердің үздігі!

Бұл университетте біздер көп мәліметтер жинадық.Университетке кірген кезде алдында бір үлкен тас тұрады , бұл таста Күлтегіннің батырлығы, жау жүректілігі туралы сипатталған.Бұл тас Күлтегін жазуы деп аталады.  Күлтегін жазуы - ежелгі түркі жазба ескерткіші. Монғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге,Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған.Біздер тек Күлтегін жазуымен таныспай, Л.Н.Гумелев туралы білдік. Лев Николаевич Гумилев  (1912 жылы қазанның 1, Ресей, Петербор губерниясы, Царское селода туылды) — белгілі кеңестік және Ресей этнолог- XX ғасырдың көрнекті еуразияшыл ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінен аудармашы. Ақын Николай Гумилев пен ақын Анна Ахматованың ұлы. Балалық шағын Тверь губерниясының Слепнёво атындағы Бежецк уезінде әжесінің қолында өткізген. 1917 - 1929 жылдары аралығында Бежецк қаласында тұрды. Бежецк қаласының №1 мектебінде 1926 жылдан 1929 жылға дейін білім алды. Ал 1930 жылы Ленинградта оқыды. 1930—1934 жылдары Саян, Памирдегі, Қырымдағы экспедицияларда жұмыс істеді.

Түстен кейін біздер Отрар ғылыми кітапханасына бардық.Бұл кітапхана он жыл бұрын құрылды.Бірінші Ақышев атамыздың кабинетінен бастадық.Ақышев Кемел- (23.5.1924, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 4-ауыл) - археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі.Кемел Ақышұлы Ақышев 1924 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Әскери училищені аяқтаған соң майданға аттанады. 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөліміне аспирантураға түсіп, 1953 жылы Мемлекеттік Эрмитаждың Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғайды. Студенттік жылдары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. 1955 жылы Қазақ КСРО ҒА Тарих, археология, этнография институтының археология бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА Археология институтының бас (негізгі) ғылыми қызметкері болады. 2000 жылы Астана қаласына көшіп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде археологиялық реконструкцияның лабораториясын құрады. 50 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Алтын адам» (б.з.б. \/-І\/ ғасырлар), Бесшатыр (б.з.б. \/І-\/ ғасырлар), Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдей мәселелерін анықтады. Көне Қазақстан тарихының негізгі түжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты.Сосын Тұрсын Жұртбай атамыздың кабинетіне бардық.Сол кабинетте Н.Назарбаев атамыз "Мәдени мұра - мемлекеттің соңы стратегиялық ұстанымы".

Ал Марғұлан атамыздың кабинетінде Н.Назарбаев атамыз былай деп жазып кеткен:"Ә.Х.Марғұланның ашқан жаңалықтары қазір де жалғасып, тауып жатқандықтан да Қазақстанды Еуразияның көне мәдениетінің бесігі деп те атайды."

Ақселеу Сейдімбек этнограф,азамат, ғалым. 1942 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.Бұл кітапханада 2000-жылдан бастап жұмыс істеген.Өкінішке орай атамыз 2009-жылы дүние салды.