«Атамұра» баспасы - ұлттық руханияттың тірегі
Мәдина Ибрагим,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,Журналистика факультетінің 2-курс студенті Жетекшісі: аға оқытушыӘлім Әсел Аманханқызы «Кітап дегеніміз - қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін» - , деген екен орыс хирургы, медицина саласының профессоры Н. И. Пирогов. Иә, адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады. Өйткені, сенің оқыған кітабың - сенің өмірлік ойларың... «Атамұра» баспа корпорациясы –осы кітап әлеміне бойлап, бізді осы қадірменді доспен қауыштырып отырғанына 32 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жа…

