«ТУҒАН ЖЕР» ПАТРИОТТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛДІ
Ұлттық Дельфий Комитеті, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Туған жер» патриоттық шығармашылық республикалық фестивалін өткізген болатын.Патриоттық фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 14 пен 29 жас аралығындағы жас авторлар бақ сынады. Соның ішінде, Қызылорда облысы Арал қаласынан қатысқан өнерпаз бәйгеде оза шауып, ерекше өнерімен көзге түсті. Атап айтар болсақ, «Көркем өнер» аталымы бойынша Гүлжиян Қадыр жеңімпаз атанды. Этно стильдегі жастар киімін ұсынған жас сәнгер оза шауып, 1-орынды жеңіп алды.Гүлжиян Қадыр – жас дизайнер, алға қойған мақсаттары айқын.«Киім дизайнері болуды бала кезімнен армандадым. Дәптердің парақтарына түрлі көйлектердің үлгісін ойлап тауып, оларды бояйтынмын. Құрақ к…