ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ОБЛЫСТЫ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Түркістан облысының экономикалық әлеуетін арттыру – басты мақсатымыздың бірі болуы керек. Әсіресе, аграрлық саланы дамыту арқылы елімізде көшбасшы өңірге айналуға мол мүмкіндіктер бар. Соның ішінде ет эспорты көлемін арттыруға баса көңіл бөлінуі тиіс. Ол үшін ет өндіруден облысымызда көшбасшы саналатын Сайрам ауданынан компортментализациялық агро аймақ құру уақыт күттірмейтін мәселе. Бүгін бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының XL конференциясының дебаттық кезеңінде сөз алған үміткер Сырым Ертаев мәлім етті. Оның айтуынша, ет экспортының көлемін тек сапамен ғана ұлғайтуға болады. Ол үшін Сайрам ауданындағы ет өнімдерін өндіруші кәсіпкерлерді бір жерге шоғырландырып, қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Бұдан бөлек, ол аймақта соңғы үлгідегі сараптамалық зертханалар мен мал с…