Конференция отырысында партияның облыстық филиалы төрағасы, өңір басшысы Ғали Есқалиев партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген дамудың жеті
басым бағытына тоқталды.
Өңір басшысы өз сөзінде:
- Батыс Қазақстан облысы бойынша праймериздің алғашқы кезеңіне 460 үміткер тіркеліп, 421 үміткер қатысты. Оның ішінде 155-і әйелдер (36,8 %), 144-і (34,2 %) 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады. Төрт күнге созылған дауыс беру кезінде облыстың 22 903 партия мүшесі немесе 85% дауыс берді. Осы аралықта облыс тұрғындарынан 1205 ұсыныс түсті. Оның 77% -ы облыс, қала мен аудандық партия филиалдарының сайлауалды бағдарламасына енгізілді, - деді.
Дәл қазіргі уақытта конференция аясында жария дебат өткізілуде. Ашық пікірсайыс алаңына 15 үміткер қатысып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда.
