.
«Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Маликова жұмыссыздық деңгейін төмендету және жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін талқылау бойынша кеңес өткізді. А. Маликова атап өткендей, қазақстандық жастар негізінен қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымдарды анықтайды, бірақ сонымен бірге еңбек нарығында ең осал топ болып табылады. Жұмыспен қамту жүйесін одан әрі жетілдіру және жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында тұрақты түрде бос жұмыс орындар жәрмеңкелері, бизнес-тренерлермен кездесулер, ақысыз оқыту өткізіліп тұрады. Жоғары оқу орындары мен колледж түлектері арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жәрмеңкелер өткізіледі. Жастар өздерін мазалаған сұрақтарды белсенді түрде қойды. ______________________…
