ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ҚҰРАМЫ 70 ПАЙЫЗҒА ЖАҢАРАДЫ
2021 жылы Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттар корпусы 70 пайызға жаңарады. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясында белгілі болды. Конференцияны облыс әкімі, партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев жүргізіп, биылғы праймериздің саяси сананы жаңғыртудағы маңызды қадам болғанын атап өтті.«Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет жаңа форматта өткізілген праймериздің қорытындысы бойынша партиямыз тегеурінді тұлғалармен толықты. Сіздер депутаттыққа үміткер ретінде саяси додаға қатысқалы отырсыздар. Қалың елдің, партияластардың қолдауымен осындай мүмкіндікке ие болдыңыздар. Сондықтан сенімді ақтауға міндеттісіздер. Сіздер…



