Поздравление! С Днем Первго Президента!
Құрметті қызылжарлықтар!Еліміз көлемінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып аталып өтіледі. Осы күні 1991 жылы 1 желтоқсанда, бүкілхалықтық бірінші сайлау өтіп, сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел президенті болып сайланды.Ол өзінің саяси қызметінің басынан бастап-ақ егеменді мемлекет құру, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру және нығайту, елдің экономикалық дамуы, азаматтардың өмірі мен әл-ауқатының деңгейін көтеру, елдің әлемдік қауымдастыққа енуіне лайықты және оның халықаралық теңдігін қамтамасыз ету идеяларын ұстанған. Елбасымен бірге Қазақстан халқы тәуелсіздікті қалыптастырудың қиын кезеңдерін бастан өткерді, болашақта тұрақты дамудың негізін қалады.Бүгінде жаһандық рөл атқаратын Қазақстан Орталық Азия елдерінің көшбасшысы және әлемдегі…


