«NUR OTAN»-ДЫҚТАР ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ.
«NUR OTAN»-ДЫҚТАР ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСТІШағын және орта бизнесті дамыту – еліміздің жалпы ішікі өнімін арттыруда, халықты жұмыспен қамту мәселесінде шешуші фактор болып табылады. Қазір елімізде осы саланы дамытуға арналған түрлі бағдарламалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде жыл өткен сайын бұл салада ілгерілеушілік байқалап келеді. «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалында міне осындай өз кәсібін ашқан жандармен, оның ішінде, ауданның іскер әйелдерімен жиын болып өтті.Партия филиалының жүйелік кестесіне сәйкес ұйымдастырылған басқосуға партия мүшелері, «Атамекен» ҰҚП Мақтаарал аудандық филиалының менеджерлері, кәсіпкерлер қатысып, кәсіпкерлік саласында жасалып жатқан қамқорлықтар, қабылданған бағдарламалар мен несиелендіру тетіктері, шикізатты қайта өңдеу, өнімдерді сату мәселел…


