ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 6282 АДАМ АДАМ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
Түркістан облысының 16 аудан, қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында түрлі сала өкілдеріне «Nur Otan» партиясының мүшелік билеттерін тапсыру салтанатты іс-шаралары өтті. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында өткен жиында 12 адамға партиялық билет тапсырылды. Партия қатарын толықтырғандар сапында білім, кәсіпкерлік саласының өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер де бар. Оларға билеттерді тапсырған «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары К.Жантөреева белсенді азаматтарға сәттілік тіледі. ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, партияның алдында үлкен міндет, жауапкершілік тұрғанын да атап өтті. Осы күні Түркістан облысының барлық, аудан қалаларындағы филиалдарда жалпы 138 азаматқа партиялық билеттері тапсырылды. «Нұротандық» атанған аз…