ТҮРКІСТАН: БИЫЛ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА 27 МЫҢ ӨТІНІШ ТҮСКЕН
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалына қарасты қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2016-2020 жылдар аралығында 127,2 мың өтініш келіп түскен. Соның басым бөлігі оң шешіліп, қалғандарына консультативтік көмек көрсетілген. Ал 2020 жылдың басынан бері «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалына қарасты қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 27 мың өтініш келген. Бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 есе көп. Өтініштерді қабылдау саны бойынша Түркістан облысы республикада екінші орында тұр.Қарау нәтижелері бойынша арыз-шағымдардың 16,3 мыңы яғни, 62 пайызы оңтайлы шешілген. Ал 10 мың өтінішке заң аясында кеңестер беріліп, бүгінде оның 111-і қаралу үстінде. Халықтан келіп түскен 26,4 мың арыз-шағымды талдай келе, облыс тұрғындарын төмендегідей мәселелердің мазалайтындығын анықталды.Өтін…