Перейти к содержимому

Новое

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЙМАҚТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бүгін Түркістан облысында аймақтық сайлауалды штабының жұмысы басталды. Осыған орай «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары, өңірлік сайлауалды штабының басшысы Бейсен Тәжібаев БАҚ өкілдеріне арнап, баспасөз мәслихатын өткізді.

Брифингте сөз алған Бейсен Дәулетұлы 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталғанын хабарлады.  Ол сондай-ақ облыстық филалдың саяси науқанға 100 пайыз дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, өңірімізде сайлауға байланысты барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп,  белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалған.

«Облыстық-аймақтық сайлау комиссиясында біздің 632 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелді. Оның ішінде 536 адам праймериз жеңімпазы болса, 96 адам партия филиалының квотасына ие болғандар. Партия басшылығының тапсырмасы бойынша біздің өңірлік сайлауалды штаб құрылды. Штаб құрамына 118 адам кірді. Бұл біздің өңір, қала тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар.  Яғни, олардың арасында  мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері бар.  Штабтың 35 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие», – деді Бейсен Дәулетұлы.

Сондай-ақ штаб жанынан белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған 1000-нан астам белсенділері мен партияның жас жақтастары кірген. Ақпараттық бағытта да кәсіби мамандар штаб құрамына алынған. Олар партияның сайлауалды бағдарламасын жұртшылыққа жан-жақты түсіндіріп, жедел ақпарат таратпақ.

Сайлау қарсаңында партияның аумақтық және аймақтық филиалдарының конференциялары өткізіліп, барлық сайлауалды бағдарламалар бекітілді. 320 депутаттық мандаттық орынға 632 адамнан тұратын партиялық тізім жасақталды. Оның ішінде 31% әйелдер болса 21% – 35 жасқа дейінгі жастар. 83 азамат облыстық мәслихат депутаттығына кандидат. Партиялық тізімі 74%-ға жаңарып, кандидаттардың орташа жасы 40 жасты құрады. 7 үміткер Мәжіліске ұсынылды.

Жалпы Түркістан облысында 1 миллион 200 мыңға жуық сайлаушы бар. Олар 911 сайлау учаскеге біріктірілген. Оған партия атынан сенім білдірілген 2700-ге жуық азамат бекітіліп отыр.   Сондай-ақ,жарты миллионға жуық сайлаушыны қамтитын  4400-ге жуық іс-шаралардың  желілік кестесі жасақталған. Оның 40 пайызы онлайн форматта өткізілмек.

Осылайша, түркістандық «нұротандықтар» партияның 7 бағыттан тұратын өңірлік сайлауалды бағдарламасын елге насихаттау, түсіндіру бағытында жұмыс атқарады. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!», – дейді партия белсенділері.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

0
0
172

Подомовая агитация кандидата в в депутаты

Кандидат в депутаты в районный маслихат Нурлан Уразалинов провел подомовую агитацию в рамках акции "От двери к двери", где вручил агитационный материал гражданам

#NurOtan #Zhitikara #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
165

САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының сайлауалды штабы бүгін, 11-ші желтоқсан сағат 11-00 де өз жұмысын бастады.

Ашылу салтанатында Штаб басшысы,  «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан Ешенқұлұлы Исақұлов сөз сөйлеп, штаб мүшелерін сайлау науқанының басталғанымен құттықтап, алдағы қызметте сәттілік тіледі.

Сонымен қатар штабта қоғамдық қабылдау бөлімі, қаржы секторы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі, ұйымдастыру бөлімі, қоғамдық-саяси жұмыс бөлімі қызмет жасайтынын жеткізді. Сөз барысында ол бөлімдердің  құрамы мен атқаратын жұмысына тоқталды.

Сайлауалды штаб мүшелерінің ақсақалы Қазығұрт аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қазығұрт ауданының Құрметті Азаматы Мұқтар Момынұлы Момынов штаб мүшелігіне өткен сайлауларда шыңдалған, өз жұмысын аса жауапкершілікпен атқаратын, өз ісіне адал азаматтардың топтасқанын қуанышпен атап өтті.

Жиын соңында  Штаб басшысы,  «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан Ешенқұлұлы Исақұлов штаб мүшелеріне сенім білдіріп, сайлауды ұйымшылдықпен өткізуге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
161

Подомовая агитация "От двери к двери"кандидата в депутаты

Кандидат в депутаты в районный маслихат Андрей Бабич провел подомовую агитацию "От двери к двери", где вручил агитационный материал гражданам, побеседовал с гражданами, получил положительные отклики.

#NurOtan #Zhitikara #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
155

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 90 ҮМІТКЕР САЙЛАУАЛДЫ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСАДЫ

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы облыстық және аудандық, қалалық  мәслихаттарына  «Nur Otan» партиясы атынан үміткерлерге арнап арнайы тренингтік семинар  өткізді. Ондағы мақсат – үміткерлерді саяси науқанды өткізу технологиясымен таныстырып, сайлау туралы заң ережелерін сақтауға шақыру болатын.

Семинарға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, жиналғандарды саяси доданың жария, заңды, әділ өтуіне атсалысуға шақырды. Сондай-ақ, ол сайлау туралы  заңдылықтар мен ережелерді әрқашан  назарда ұстау керектігін ескертті.

Семинар барысында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Бекзат Біләлов,  заңгер кеңесшісі  Бағлан Қожанов,  филиалдың баспасөз хатшысы Ғабит Сапарбековтер жиналғандарға сайлау ережелері, заңдылықтары, үгіт-насихат жұмыстарын әлеуметтік желіде жүргізу  жайында ақыл-кеңестерін берді.

Айта кетейік, Түркістан облысында партияның аумақтық және аймақтық филиалдарының конференциялары өткізіліп, 17 сайлауалды бағдарлама бекітілген болатын. Сондай-ақ, 320 депутаттық мандаттық орынға  632 адамнан тұратын партиялық тізім жасақталды.

Үміткерлер әлеуметтік желіде, БАҚ беттерінде онлайн және офлайн кездеулерде партияның үгіт-насихат жұмысын жүргізуге атсалысады.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

0
0
139

Прием граждан доверенным лицом партии

Член Комиссии партийного контроля Житикаринского районного филиала партии "Nur Otan", доверенное лицо партии Бурдюг Галина провела прием граждан в общественной приемной предвыборного штаба. На все поступившие вопросы в ходе приема были даны разъяснения.

0
0
178

ТҮРКІСТАН: 1000-НАН АСТАМ БЕЛСЕНДІ НАУҚАНҒА АТСАЛЫСАТЫН БОЛАДЫ

Түркістан облысында 2021 жылдың 10  қаңтар күні өтетін сайлау кезеңінде келісімшарт негізінде 1000-нан астам белсенді жұмыс істейтін болады.  Олардың басым көпшілігін яғни, 60 пайызын өңіріміздегі жұмыссыз жүрген жастар құрап отыр.Сондай-ақ, оларға бір ай көлемінде жалақы сайлау қорынан төленіп, арнайы киім-кешек,  (күртеше, қалпақ, маска, сөмке) тамақпен қамтамасыз етілетін болады.  Еліміздегі мәслихаттар сайлауы алғаш рет Қазақстан үшін жаңа пропорционалды жүйе бойынша өткелі отыр.  Осыған орай "Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филалы белсенділерге арнап, арнайы семинар-тренинг өткізді.Шараға "Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев,  облыстық "Jas Otan» Жастар Қанатының басшысы Жансерік Жұман және 100-ге тарта кординатор қатысты.Семинардың мақсаты – алдағы электоралдық кезеңде белсенділердің жұмысын тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік желіде жұмыс жүргізу жадынамасын түсіндіру, әдептілік ережелерін сақтауды үйрету.Семинарда сөз алған  Түркістан облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев белсенділердің алдағы жұмысына сәттілік тілеп,   елде өткелі отырған саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол  сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын өткізудің ережелерін қатаң сақтауға шақырды.«Үгіт-насихат жұмыстары үш негізгі тәсілмен – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері, сондай-ақ, баспа, дыбыс-бейне және басқа үгіт материалдарын шығару, тарату арқылы жүзеге асырылады. Сайлау алдындағы үгіт 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18-ден кейін басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақытпен 00:00-де аяқталады», - деді Бейсен Дәулетұлы.«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

0
0
149

Общественная приемная

С 11 декабря по всей стране открылись 225 общественных приемных при Республиканском и региональных предвыборных штабах партии «Nur Otan».

Кандидатами, вошедшими в партийные списки «Nur Otan», а также доверенными лицами партии будут проводиться приемы граждан, в том числе в онлайн-формате. В целом, в агитационный период планируется провести порядка 9 тысяч приемов граждан.

Как отметили в пресс-службе, общественные приемные являются одним из ключевых инструментов обратной связи партии с населением и защиты прав граждан.

Так, за 11 месяцев текущего года в общественные приемные партии «Nur Otan» поступило 385 тысяч обращений, что в два раза больше по сравнению с аналогичным периодом 2019 года.

При этом за последние 5 лет в общественные приемные обратилось порядка 1,2 млн человек, в том числе 386 тысяч – в онлайн формате. Из них 92% решены положительно, оказана бесплатная консультативная, правовая и иная помощь.

Как показывает анализ, в основном население волновали вопросы социального обеспечения – 30%, жилищно-коммунального хозяйства – 16%, обеспечения жильем – 15%, трудовых споров – 14%, строительства – 9%, образования – 9% медицинского обслуживания – 7%.

Для записи необходимо обращаться на:

1. Call-центр 8 800 080 4441 (звонок по Казахстану бесплатный);

2. Житикаринский районный предвыборный штаб - тел. 87143522101

3. Whatsapp 8 708 201 57 15

4. Электронная почта [email protected]

0
0
148