МАҚТАЛЫ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ ДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ
МАҚТАЛЫ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ ДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін жергілікті мәслихат пен мәжіліс депутаттарын сайлауға қатысты үгіт-насихат жұмыстары басталып та кетті. Әр партия өз үміткерлерін ұсынып, бағдарламаларымен елді таныстыруда. Саяси додада «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы өзінің іс-шарасын бекітіп, жоспарға сәйкес үміткерлер жер-жерлерде сайлаушылармен кездесуде.Бұқараның базынасын билікке жеткізетін «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері де үтіг-насихат жұмыстарынан қалыс қалмауда. Ел аралап, кенттер мен ауылдық округтердегі халық жиі жүретін жерлерде, базарлар мен сауда орындарында партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды үнпарақшалар арқылы жұртқа таратуда. Мемлекеттік қамқорлықтар мен…


