Бүгін «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штаб аппараты басшысының орынбасары С.Дүйсебаев ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында онлайн кездесу ұйымдастырды.Zoom платформасында кездесіп, алдымен олардың еліміздің өркендеуіне қосып отырған ұшан-теңіз еселі еңбектерін атап өтті. Мемлекетіміздің қарыштап дамуы, елдің жағдайының көтерілуі ең бірінші ауылдың, ондағы егін, мал шаруашылығының дамуына тікелей байланысты. Қорамыз малға, қамбамыз астыққа, қоймамыз жеміс пен көкөніске толы болса, біз дамушы елден бөлек, өзін өзі қамтамасыз етуші бақуатты елге айналып қана қоймай, бүгінгі заманда азық-түліктен тапшылық көріп отырған шет мемлекеттерге де өз өнімімізді шығарамыз.Онлайн (online) кездесу барысында кандидаттар…