«NUR OTAN»-МЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМИДЫ
- Ел үшін қашан да тыныштық керек. Кәсіпкерлер қашан да қолайлы жұмыс жасау үшін біздің еліміз барлық жағдайды жасап қойған. Ел соғыс болса дұрыс өмір болмайтын еді. Жарық, газ болмаған заман да болды. Кезінде адамдар ол күнді де көрді. Қазір барлығының жағдайы жақсы. Алда партия сайлауы келе жатыр. Осы орайда кәсіпкерлерді «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын. «Nur Otan» партиясының қалалық бағдарламасы жеті басымдылықтан тұрады. Оның ішінде барлық саланы қамтыған. Үй алу, кәсіп бастау, жұмысқа орналасыу. Тіпті қаланың экологиясына, экономикасына, қаланың дамуына аса мән беретін болады. Соның ішінде сіздің салаңызға қатысты ауыл шаруашылығын дамытуда басты назар ішкі азық-түлік нарығын сақтауға және үздіксіз жұмыс істеуге мән береді. Экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге аударыл…




