ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУДЫ ПАРТИЯ НАЗАРҒА АЛАДЫ
Ел тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалап, құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келе жатқан «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Досым Асабаев пен Жасұлан Қолдасов «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Иіржар ауылдық округіне қарасты Азамат ауылының тұрғыны Рысхал Кәрібекованың үйінде болды.Рысхал апаның шаруашылығымен танысқан кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, аудандағы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, әлеуметтік салаларда, әйелдерді қолдап, олардың жан-жақты жетілуіне жол бермейтін кедергілерді жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарғ…