Перейти к содержимому

Новое

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Өтініштерге талдау жасасақ, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыссыздық бойынша мәселелер көбірек алаңдататыны белгілі болды. 7 мәселе жер және тұрғын үй бөлу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 9 сұрақ, жұмыссыздық бойынша 17 сұрақ, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 20 мәселе айтылды. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, халықты құжаттандыру және тіркеу, кәсіпкерлік, білім, денсаулық салалары бойынша да тұрғындардың көкейтесті сұрақтары қойылды. Нәтижесінде 54 өтінішке түсініктеме беріліп, 19-ы бойынша жұмыстар басталды.​ ​

11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Nur Otan» партиясы атынан тізімге енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтары тұрғындарды онлайн-форматта, жеке, телефон арқылы да қабылдайды.

Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

📲 8 (7292) 42 97 37, 8​ 778​ 387 46 43

0
0
139

В США ужаснулись российскому «Циркону»

Вооруженные Силы России ведут непрерывную работу по разработке и созданию новых средств вооружения, отвечающих современным требованиям. Одним из главных прорывов для российской армии в текущем году стала гиперзвуковая крылата ракета «Циркон», разрабатываемая для военно-морского флота. Массовое вооружение российского флота новыми ракетами в скором времени способно оставить в прошлом господство военного флота США в Мировом океане. 

11 декабря 2020 года военно-морской флот России в рамках проверки новых видов вооружения завершили последний этап испытаний новой гиперзвуковой ракеты «Циркон». Согласно данным Минобороны России запуск ракеты был осуществлен с фрегата «Адмирал Горшков» в Белом море. Ракета всего за 4,5 минуты поразила цель на удаленности в 450 километров в Баренцевом море, при этом скорость полета достигла почти 10 тысяч км/час, а максимальная высота около 28 километров. Эти успешные испытания показали всему миру насколько высок уровень защиты арктических рубежей России и Северного морского пути. 

Специалисты оборонного ведомства также сообщили, что планируется провести еще около 10 запусков новой ракеты с борта «Адмирала Горшкова» и атомной подлодки «Северодвинск» и уже в 2021 году «Цирконы» поступят на вооружение Военно-морского флота.

В боевых условиях, ударная группа российского флота с «Цирконами» может гораздо быстрее обнаружить и уничтожить противника. К примеру, если гипотетически рассмотреть противостояние ударной группы ВМФ России с ракетами «Циркон» и ударной группы ВМС США с двумя ракетными крейсерами типа «Тикондерога» или эсминцами с управляемым ракетным оружием типа «Арли Берк», с высокой долей вероятности можно сказать что столкновение приведет к уничтожению минимум одного из кораблей ВМС США, а залп из четырех гиперзвуковых ракет гарантированно уничтожит оба американских корабля.

Стоит отметить, что вероятный диапазон видимости «Арли Берк» менее 120 километров, это говорит о том, что ВМС США даже не успеют открыть кингстоны, так как с момента появления ракеты «Циркон» на радаре до удара под ватерлинию — около 90 секунд

Кроме того, по оценкам военных специалистов, передовые системы противоракетной оборона класса «корабль – воздух» состоящие на вооружении ВМФ США могут перехватить российский «Циркон» с вероятностью менее 1%. Это обусловлено в первую очередь тем, что радиус поражения гиперзвуковой ракеты не меньше радиуса действия палубной авиации США, это означает что корабль может наносить удар и быть при этом относительно неуязвимым для авиации врага. 

Несмотря на интенсивные разработки гиперзвуковых средств воздушного нападения, у США до сих пор нет оружия подобного «Циркону», более того у вооруженных сил США пока что нет его даже в проекте. Поэтому в скором времени оснащение Военно-морского флота России новейшими ракетами позволит радикально поменять расклад сил на море.

1
5
469

ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ

Аудандық мәслихат депутатына үміткер А.Ахмедов және облыстық сайлауалды штаб мүшесі Ж.Алиева Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді.

Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

0
0
162

КАНВАССИНГ

Кездесу барысында партияның жетістіктері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Ақсақал азаматтардың жұмысы жемісті әрі жетістікті болсын деп ақ батасын берді. "Ел сенімін ақтаңдар" деген тілегін жеткізді.

0
0
154

«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫ БАҒДАРЛАМАМЕН ТАНЫСТЫ.

«Nur Otan» партиясының таяудағы 5 жылға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасы жобасы «Қазақтелеком» АҚ еңбек ұжымына таныстырылды.

Облыстық штаб мүшелері бағдарламаның 7 басым бағытына тереңірек тоқталып, партияның ықпал ететін жұмыстарын атап өтті. Биылғы бағдарлама әр өңірге жеке дара талданып, сарапталып жасақталғаны тілге тиек етілді.

Жалпы партия биылғы жылы өзгерген форматта жұмыс жасауда. Соның бірі Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен партияішілік сайлау өткізілді. Одан қалса сайлау науқаны алдындағы үгіт-насихат жұмыстары халықпен кері байланыс, ашық диалог, тікелей эфир, онлайн, офлайн кездесулер, тұрғындарды еш жерге жинамай-ақ, шаңырақтарына барып талап-тілектерін тыңдау, ұсыныстарын жазып алу секілді іс-шараларды жүзеге асыруда.

Мәселен, партияішілік сайлау кезінде еліміз бойынша азаматтардан 20 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Талдауға назар аударар болсақ, қарапайым халықтың талап-тілектерінің көпшілігі жол сапасы, су, газ жүргізу, тұрғын үймен қамту, білім беру нысандарын салу, материалдық базаны жаңарту, ғаламтор жылдамдығын жақсарту секілді мәселелерге қатысты болды. Көтерілген мәселелердің өзектілігі ескеріліп, облыстық, аудандық, қалалық сайлауалды бағдарлама жасалды. Мұнда әр өңірдің тұрғындарының ұсыныстары бойынша 5 жылда атқарылатын жұмыстар қатары енгізілді.

Партияның сайлауалды бағдарламасымен танысқан қызметкерлер өздерін мазалаған сұрақтар бойынша штаб өкілдерімен пікірлесті. «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

0
0
282

«NUR OTAN» ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ЖОҒАРЫ ҚОЯДЫ

Облыстық штаб мүшелері «Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Шадрах Ермекбайұлы және Кәсіподақ ұйымы мүшелерімен онлайн байланыcқа қосылды.

Маңғыстау облыстық мәслихат депутатына кандидат Нури Тумышев партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталып, әр басым бағыт, соның ішінде әлеуметтік сала бойынша жасалатын жұмыстар жөнінде айтып өтті. Онлайн шараға қала мен аудандардан кандидаттар, сенімді өкілдері өз өңірлеріндегі өзекті болып отырған мәселелерді тілге тиек етіп, партияның мүдделі шараларымен таныстырды.

- «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы биыл  әр өңірге ыңғайланып дайындалды. Қазақстанның 216 аймағына дайындаған сайлауалды платформа бар. Кез  келген азамат партияның 5 жылдық жұмыс жоспарымен таныса алады, - деді Н.Тумышев.

Ш.Ермекбайұлы 10 қаңтардағы сайлауда Кәсіподақ ұйымынан 216 мүше бақылаушы болатынын жеткізді. Олар сайлау процесі елдің заңнамасына сай өтуін және азаматтардың өз таңдауын жасау еркіндігі жұмыс берушілер тарапынан қандай да бір қысыммен бұзылмауын бақылайды.

0
0
184

NUR OTAN: ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА ПО МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ НАПРАВЛЕНА НА КОМПЛЕКСНОЕ РАЗВИТИЕ РЕГИОНА

Председатель областного предвыборного штаба Елубай Абилов и члены штаба Есен Кумискали, Кийкбай Ешманов рассказали о предвыборной программе партии «Путь перемен: достойная жизнь каждому», ее основных приоритетных направлениях развития региона и достижениях партии Nur Otan за 20 лет.

«Сегодня граждане ждут от партии решения конкретных проблем и продвижения инициатив.  Мы готовы поддержать ваши предложения», - сказали они.

Предвыборная программа по Мангистауской области направлена на комплексное развитие региона. Партия предлагает конкретные меры, которые сделают наш регион динамично развивающимся, с диверсифицированной и конкурентоспособной экономикой  и территорией для комфортного проживания.

«Мы заявляем о готовности и открытости к обмену идеями, а также широкому сотрудничеству со всеми гражданами и общественными объединениями для развития и процветания нашей области», -  подчеркнули они.

«Уверены, что только вместе мы справимся со всеми современными вызовами и новыми задачами», - заключили они, обращаясь к работникам цементного завода.

Отметим, что до 2025 года партия будет способствовать запуску 5 инвестиционных проектов по области, добиваться эффективной реализации программ переподготовки кадров, с учетом потребностей рынка труда. Планируется реализация 11 инвестиционных проектов в сфере обработки на территории СЭЗ «Морпорт Актау» с созданием более 1,5 тыс. рабочих мест; производство катодной меди на месторождении  «Жездыбассай».

Работники цементного завода поддержали  и выразили  свое доверие предвыборной программе партии, заявили об активном  участии  в предстоящих  выборах.

0
0
161

«NUR OTAN» САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ОБЛЫСТЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

Облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Елубай Әбілов пен штаб мүшелері Есен Күмісқали, Киікбай Ешманов партияның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасы, оның өңірді дамытудың негізгі басым бағыттары және «Nur Otan» партиясының 20 жылдағы жетістіктері туралы айтып берді.

"Бүгін азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз", - деді олар.

Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы өңірді кешенді дамытуға бағытталған. Партия біздің өңірімізді әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикасы және жайлы өмір сүру аумағы бар қарқынды дамып келе жатқан аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынады.

«Барлық заманауи сын-тегеуріндер мен жаңа міндеттерді бірлесіп қана орындай алатынымызға сенімдіміз», - деп түйіндеді цемент зауытының қызметкерлеріне.

Айта кетейік, 2025 жылға дейін партия облыс бойынша 5 инвестициялық жобаны іске қосуға, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға қол жеткізуге ықпал ететін болады. "Ақтау теңіз порты" Арнайы Экономикалық аймақ аумағында өңдеу саласында 1,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 11 инвестициялық жобаны іске асыру; "Жездібасай" кенорнында катодты мыс өндіру жоспарлануда.

Цемент зауытының жұмысшылары партияның сайлауалды бағдарламасына қолдау білдіріп, сенім танытты, алдағы сайлауға белсенді қатысатындықтарын мәлімдеді.

2014 жылы іске қосылған цемент зауыты Шетпе ауылында орналасқан. Цементтің көп мөлшерін тұтынатын мұнай мен газ өнеркәсібі дамыған Қазақстанның батыс өңірі үшін зауыт жұмысы маңызды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1 млн тонна. Жергілікті тұрғындар үшін зауытта 400-ге жуық жұмыс орны ашылды. Бұл жобаға әлемдегі ең ірі құрылыс материалдарын өндіруші Хайдельберг Цемент (HeidelbergCement) қатысады. Зауыт өңірдің әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосуда.

0
0
186

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ЖАНДАР ҮШІН МАМАНДЫҚТАР АТЛАСЫ ЖАСАЛАДЫ

Атап айтсақ, ең алдымен ғимараттар пандустармен қамтылады. Бейімделген лифт пен дәретхана, зағип жандарға  бағыттаушы белгілер қойылады.

Оған қоса ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталықтары ашылады. Олар өздеріне ыңғайлы жұмысты таңдауы үшін Мамандықтар атласы жасалады. Жұмыс орындарын ашуға бағытталған өтемақы төлемдері енгізіліп, 2025 жылға қарай жұмысқа орналастыру 30%-ға өседі. 1-ші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде қосымша әлеуметтік жердемақы беріледі.

Бұл туралы Yessenov University-де өткен жиында айтылды. Шараға облыстық сайлауалды штаб мүшелері қатысты.

0
0
164

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Өтініштерге талдау жасасақ, тұрғындарды негізінен жұмыссыздық, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша мәселелер көбірек алаңдататыны белгілі болды. 7 мәселе жер және тұрғын үй бөлу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 6 сұрақ, жұмыссыздық бойынша 24 сұрақ, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 19 сұрақ, 7 сұрақ білім саласы бойынша, денсаулық саласы бойынша 4 сұрақ, халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша 3 мәселе айтылды. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлік салалары бойынша да тұрғындардың көкейтесті сұрақтары қойылды. Нәтижесінде 58 өтінішке түсініктеме беріліп, 22-і бойынша жұмыстар басталды.​ ​

11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Nur Otan» партиясы атынан тізімге енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтары тұрғындарды онлайн-форматта, жеке, телефон арқылы да қабылдайды.

Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

📲 8 (7292) 42 97 37, 8​ 778​ 387 46 43

0
0
222