КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы сараланды. Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Е.Саиров еліміздегі жемқорлық дерегі кең тараған салаларға шолу жасады. Сондай-ақ, Шымкентте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу бағытында мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Білім саласындағы ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету әдістері ұтымды екеніне тоқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы сипаттағы құқықбұзушылықтарды алдын алуда нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Құқық қорғау органдарының бірлесуімен әрбір мемлекеттік мекемеде мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Бұл іс-шараларға азаматтық…



