«NUR OTAN» САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ОБЛЫСТЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
Облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Елубай Әбілов пен штаб мүшелері Есен Күмісқали, Киікбай Ешманов партияның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасы, оның өңірді дамытудың негізгі басым бағыттары және «Nur Otan» партиясының 20 жылдағы жетістіктері туралы айтып берді."Бүгін азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз", - деді олар.Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы өңірді кешенді дамытуға бағытталған. Партия біздің өңірімізді әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикасы және жайлы өмір сүру аумағы бар қарқынды дамып келе жатқан аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынады.«Барлық заманауи сын-тегеуріндер мен жаңа міндеттерді бірлесіп қана орындай алатыны…



