"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖАҢАӨЗЕНГЕ САПАРЫ
Парламенттік сайлау қарсаңында саяси партиялар үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Биылғы науқанның бір ерекшелігі – «Nur Otan» партиясының өкілдері жер-жерді аралап, ресми отырыс өткізгеннен гөрі қарапайым азаматтармен, кәсіпкерлермен, еңбек ұжымдарымен көптеп кездесуі.Осыған орай «Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Е.Б. Сайров, Е.А.Раушанов, облыстық штаб мүшелері Б.Қ.Жусипов, Б.Б.Жусипов, Е.Инербай және облыстық мәслихатқа кандидат Ж.Мұханбетқалиқызымен Ж. Саймағанбетов Жаңаөзен қаласына келді.Сайлауалды штабының мүшелері «Мұнайшы» мәдениет үйінде мәдениет саласындағы қызметкерлерімен, жас мұғалімдермен, «Tenge Oil Gas» корпорацияның мұнайшыларымен, жастарға кәсіптік білім беру бағдарламасы аясында Жаңаөзен политехникалық колледжі мұғалімдерімен, Қызылса…


