ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ТҰРҒЫН ШАҒЫМЫ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗДІ
Мәселені "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы бақылауына алды. Маңғыстау облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Арыстан Хибасов, "Nur Otan" партиясы Мұнайлы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Марат Абзал, аудандық филиал қызметкерлері және "Мұнайлы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің" басшысы Бисенғали Кенжалиевтен шұғыл топ құрылып, аталған пәтерге барып, мониторинг жүргізді.Пәтер иесінің рұқсатымен, тепловизор арқылы пәтердегі жылу жүйесінің температурасы өлшенді. Екі бөлмелі пәтердің бір бөлмесінің жылу жүйесі 63 градусты, екінші бөлмесінде 60 градусты көрсетті. Жылу жүйесінің температурасы жоғары болғанымен, есіктің саңлаулары бітелмеген, үйдің негізгі схемасын өзг…