Әль-Хиджама (Ислам медицинасы)
«Хиджама» - әль-хаджим сөзінің түбірінен туындайды, «сорылу» мағынасын береді. Әль-Хиджама-Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) маңызды сүннеттерінің бірі болып саналатын, қан алғызуды білдіретін термин. Анас Ибн Малік (р.а.) жеткізген хадиске сәйкес Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Көкке (Исраға) көтерілгенімде, барлық деңгейінде маған: «Мұхаммед, өз үмбетіңе қан алғызуды бұйыр»-деп айтылды» (Ибн-Маджа). Соған байланысты Ибн Аббас (р.а) емделгенін және маманға ақысын төлегенін айтқан (Әль Бухари, Муслим). Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Тайибада қан алғызу арқылы ем қабылдағаны белгілі. Одан кейін оған 2 өлшем ас беруді бұйырды және салық жинаушыға дәрігердің салығын азайтуын сұрады. Пайғамбардың (Аллаһтың о…

AskarYes



