Брифинг
2021 жылғы 30 наурызда Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тілемісұлы Мұратбековтің "Қостанай облысы бойынша мүгедектіктің жай-күйі және мүгедек адамдарды әлеуметтік оңалтудың қолданылатын шаралары туралы" тақырыбында брифингі өтті.Департаменттің қызмет бағыттарының бірі мүгедектікті белгілеу және мүгедек адамдарды әлеуметтік оңалту шараларын әзірлеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.Қостанай облысында ағымдағы жылдың 1 наурызына мүгедектігі бар 27 852 азамат тұрады, бұл облыс халқының жалпы санының 3,2% - ын құрайды, орташа республикалық көрсеткіш 3,7%.Оның ішінде облыс қалаларында 58%, ауылдық жерлерде 42% тұрады. Облыста мүгедектігі бар ер…
