Экспромт-кездесу
Экспромт-кездесу"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Бегімбекова Ұлдана Қуандыққызы "Экспромт-кездесу" іс-шарасын өткізді. Осыған орай, ауданымыздағы Тарихы терең, қасиеті ерен «Әулиеағаш» жеріне барып экспромт-кездесу өткізді. Бұл өңірдің бұлайша әйгілі болуының бір ұшы осынау киелі топырақта жеті ғасырдан бері жайқалып өсіп тұрған, діңінің жуандығына жеті адамның құлашы әрең жететін алып ағаштың қасиетінде екенін еске салсақ, тағы да - артық айтпағандығымыз. Жергілікті ел-жұрт әр қилы кезеңде «Әулиеағаш», «Үлкенағаш», «Жуанағаш» атаған осынау табиғаттың таңғажайып туындысы - жеріміздің, еліміздің мәңгілік мақтанышы! Күллі қазақ жеріндегі жасыл желектің анасы іспетті бұл киелі ағаштың аясынан жыл сайын егеменді еліміздің «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылаты…