Жазушылармен кездесу = Встреча с писателями
Мол өнімге бай күз мезгілі біздің Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханамызға да молшылық, байлығын ала келді деуге болады. Олай деуіміз себеп біздер үшін аса маңызды Ы. Алтынсарин атындағы Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік әдеби шығарма ІІІ Республикалық байқауы өзінің жемісті мәресіне жетті. 19 қазанда кітапхана оқырмандарының жазушылармен, әдеби байқаудың жеңімпаздары – Кеңесбай Нұрбекпен (Павлодар қ.) және Арукенова Оралмен (Алматы қ.) қызықты кездесуі байқауымыздың бір жылдық жұмыстың нәтижесі.Оқырмандар үшін жазушымен кездесу-бұл қызықты тәжірибе, жаңа кітаптар мен кейіпкерлермен танысу, шығармашылық мамандық туралы көбірек білу, сондай-ақ қызықты талқылауға қатысу мүмкіндігі.Кітапхананың жас оқырмандары Кеңесбай Нұрб…