Мерей оны іздеген адамдардың жарығына қарай шықты
11 ақпан күні сағат 18.00 шамасында Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірді.Өздеріңіз білетіндей, бала атқа мінген.Баланы іздеу дереу басталды, полиция бөлімінің барлық жеке құрамына дабыл қағылды. Полицейлерден басқа Аягөз қаласында орналасқан әскери бөлімдердің әскери қызметшілері, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілер және ауданның қамқор тұрғындары іздеуге белсенді қатысты.Жағдай ішкі істер министрінің ерекше бақылауында болды.Іздеу іс-шаралары 4 сағаттан астам жүргізілді, ауа-райы жағдайлары жедел-іздестіру іс-шараларын қиындатты. Баланы іздеуге 100-ден астам адам қатысты. Іс-шаралар полиция мен құтқарушылардың арнайы көліктерінде өткізілді, өтуге қиын…