«Ы. Алтынсариннің өміріннен бір күн» = «Один день из жизни И. Алтынсарина»
7 қазанАса қадірлі Николай Иванович!...Күтпеген жағдайларға байланысты мен 15 қазанға дейін Орынборда қалуға мәжбүр болып отырмын; Самарадан жіберілген тарантасым Орынбордан 130 верст қашықтықтағы станцияда сынып қалды, сондықтан амалсыздан оның келуін күтуім керек болады. Бос уақытымда Кудлевский мен Катаринскийге жиі барып жүрмін, сондай-ақ қамқоршының үйінде екі рет болдым. Ол қазір маған, сіз осында болған кездегідей, ерекше ықыласпен қарап жүр. Айтпақшы, ол маған мектептерде оқуға арналған қырғыз тіліндегі кітап құрастырумен айналысуды ұсынды. Мен Кудлевский және Катаринскиймен бірге осы кітапқа енгізілетін мақалаларды іріктеп жатырмын. Бұл істі соңына дейін жеткізуді өзіме берік мақсат еттім. Осы еңбегім арқылы мен туралы сіз берген (толықтай лайықты болмасам да) ұсыныстарыңызды ақт…