Студенттік бюджет: Стипендияны дұрыс бөлу және қаржылық сауаттылық
Бүгінгі таңда студенттердің стипендиясы немесе ата-анасы бөлетін қаржысы айдың соңына жетпей таусылып қалатыны жасырын емес. Күнделікті Wolt немесе Glovo сияқты жеткізу қызметтері арқылы дайын тамаққа тапсырыс беру, интернет-дүкендерден трендтегі киімдер мен гаджеттерді алдырту - студент бюджетін байқатпай «кемітіп» отырады. Күнделікті ұсақ-түйекке кеткен ақша ай соңында 60 000 - 90 000 теңге көлеміндегі ірі шығынға айналады.Бұл мәселені қалай шешуге болады? Біз 15 жылдық тәжірибесі бар бас бухгалтер әрі қаржы маманы Динара Ахметовамен сұхбаттасып, ең маңызды 3 сұраққа жауап алдық.- Ақша қолға тиген бойда оны қалай дұрыс бөлу керек?- Студенттердің басты қателігі - ақша түскен алғашқы аптада көңіл-күйге беріліп, бәрін жұмсап тастауы. Мен бұл ретте 50/30/20 ережесін ұсынамын:50%-ын ең маңыз…



