Орал — Чапай — Жаңақала — Орда (Батыс Қазақстан облысы бойынша блогтур)
Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларының бастамасымен облыс бойынша блог тур өткізу қолға алынды. Турдың екінші сапары Ақжайық, Жаңақала, Бөкей Орда аудандарында жалғасты. Көрген қызықтарыммен желі қолданушыларымен бөлісуді жөн санадым. 1.Таңғы 6-да Орал қаласынан Ақжайық ауданына аттандық. Атырау-Орал тас жолындағы қалаға кіреберіс қақпаға орнатылған жазу. Биіктігі 10 метр. 2. Халық аузында "Жұбан елі" аталып кеткен Ақжайық ауданындағы Жұбан ақынның ескерткіші 3. Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында 25-ші Чапаев дивизиясының штабы, қазіргі В.И.Чапаев мемориалдық музейі орналасқан. Ғимарат 1888 жылы салынған. Революцияға дейін сауда орны орналасқан. 4. Мұражай кешенінен тек Чапаев революциясымен танысып қоймай, қазақтың арғы-бергі тарихымен танысуға болады. Жұбан Молдағалиевт…