Перейти к содержимому
zko.nurotan.kz

Филиал ЗКО

@zko.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 24 маусымКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" в Западно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

702

пікірлер

0

тіркелуші

14

жазылымдар

14

«Елбасы және біз» тақырыбы аясында онлайн-кездесуі өтті

Бүгін «Jas Otan» Жастар қанаты төрағасының қатысуымен жас ақындардың Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі ұжымымен «Елбасы және біз» тақырыбы аясында онлайн-кездесуі өтті.Кездесу барысында Елбасының 30 жыл ел басқарып, экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы ерен енбегі туралы, соның ішінде, жастарды қолдауға үлкен көңіл бөлгенін, әлі де осы жолда жаңа бағдарламалар, жаңа өзгерістер ойластырып, жастардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында талай жұмыстар атқарып келе жатқандығына ерекше тоқталып, жастар мәселесіне Елбасының ықпалы жөнінде толығырақ әңгіме өрбітті.Еркін ой толғап, кең көсіле құлаштап, қоғамдағы өзекті мәселені дәл танып, жетер жеріне жеткізе айтуға билік тарапынан да, халық тарапынан да қолдау көріп отырған жас ақындарды зор болашақ кұтіп тұрғаны…

0
0
121

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін қаржы-экономикалық саладағы бейінді сарапшылардың қатысуымен халыққа мемлекеттің дағдарысқа қарсы қадамдарын түсіндіру мәселелері бойынша Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Сондай-ақ, комиссия отырысында аумақтық партиялық бақылау комиссиясының жұмысын жандандыру, тұрғындардың көтерген мәселелерін шешу және Орал қаласы аумағындағы маршруттық тасымалдау мәселелері көтерілді.

Қоғамдық мәслихаттарды енгізуді ұсынылды

"Қоғамдық келісім" КММ диалог алаңында Қазақстан Президенті Жолдауының бір бағытын талқылау барысында қоғамдық мәслихаттарды енгізуді ұсынылды.

Облыс аудандарымен оффлан және онлайн кездесу модераторы "Nur Otan" партиясының Батыс Қазақстан филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Айгүл Туркина болды.

Кездесуде қолданыстағы модельдер – Қоғамдық кеңестер, медиация институты және т.б. талқыланды.

Президент Жолдауы аясындағы мәселе аудандық қоғам өкілдерімен онлайн-талқылауға шығарылды.

Талқылау азаматтардың өзін-өзі тануының өсуі және соның салдарынан олардың мемлекетті басқаруға саналы түрде қатысуы әртүрлі қоғамдық кеңестердің жұмысын үйлестіру қоғамдық мәслихатта қарастырылуы тиіс деген шешімге келді.

Жастар өзекті мәселеге жауап берді

Бүгін "Nur Otan" партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен өңіріміздің жастары арасында "Еліміздің болашағы -жастар" тақырыбында блиц-сауалнама өтті. Жастардың қазіргі уақыттағы өзекті мәселелерін басшылыққа ала отырып, таңдап алынған 3сұрақ бойынша сауалнамаға қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Ұлттың бүгіні мен келешегі - белсенді жастардың қолында. Жастар салауатты өмір салтын ұстанып, мемлекетіміздің индустриялық-инновациялық дамуына өз үлесін қосса, сапалы, терең білім алуды басты міндетіне айналдырса, онда келешегіміздің кемел болары сөзсіз.

https://fb.watch/1VZ3_PBNkf/

Өңірдегі шығармашылық ұжымдармен онлайн-кездесу өтті

Бүгін "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесі мүшелерінің "Пандемия жағдайында шығармашылық ұжымның жұмыс жасау ерекшеліктері" тақырыбында онлайн-кездесуі өтті. Кездесуге Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония мен Жастар шығармашылық орталығының ұжымы қатысты. Шараның бас спикері Жаңақала аудандық "Жаңарған өңір" газеті редакциясының директоры, "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, Праймериз кандидаты Ермекқалиев Алтынбек Серікұлы Праймериздің көптеген мүмкіндіктер бергенін алға тартты. Соның ішінде, өзін-өзі көрсетуге, өз ойын халыққа жеткізе білуге септігін тигізгендігін атап өтті. Оған қоса, редакцияның жұмысы да тоқтап қалмай, пандемия кезіндегі ел жанашырларының жасап жатқан істерін газет бетіне үзбей жария…

0
0
114

Ерекше жандарға қолайлы орта құру мәселелері талқыланды

Бүгін партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Мұқаев азаматтармен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың ұсыныстары тыңдалып, сол бағытқа назар аударылды. Айта кетсек, қоғамдық көліктің қолжетімділігі, мүмкіндігі шектеулі еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту үшін виртуалды алаңға айналған "Enbek – Qoldau" порталын одан әрі ілгерілету, мемлекеттік қызмет көрсететін органдарда ерекше жандарға қолайлы орта құру мәселелері талқыланды.