Бүгін Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай ауылына үгіт-насихат жұмыстарымен келген Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Байжанов Мадияр Жеңісұлы ауыл тұрғындарымен,партия ардагерлерімен жүздесті.
Еркін форматта өткен кездесуде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылар жұмыстар мен жоспарларын таныстырып Мадияр Жеңісұлы кездесуге қатысушылардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Кездесуге келген партия ардагері Ғ.Машигулов “Nur Otan” партиясының атқарған жұмыстарына ризашылығын білдіре отырып,елді мекендегі су,жол мәселесін алға тартты.