{"blocks":[{"key":"enb28","text":"Бүгін Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай ауылына үгіт-насихат жұмыстарымен келген Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Байжанов Мадияр Жеңісұлы ауыл тұрғындарымен,партия ардагерлерімен жүздесті.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"9pf5j","text":" Еркін форматта өткен кездесуде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылар жұмыстар мен жоспарларын таныстырып Мадияр Жеңісұлы кездесуге қатысушылардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"5dc9b","text":" Кездесуге келген партия ардагері Ғ.Машигулов “Nur Otan” партиясының атқарған жұмыстарына ризашылығын білдіре отырып,елді мекендегі су,жол мәселесін алға тартты.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}}],"entityMap":{}}