Перейти к содержимому
zhanibek.nurotan.kz

Жанибекский филиал

@zhanibek.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 18 қыркүйекКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" Жанибекского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

251

жазбалар

824

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Көмек көрсету шаралары жалғасуда.

Көктемгі тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге көмек көрсету шаралары жалғасуда. Осы орайда, "AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаевтың бастамасымен «Біздің күшіміз-бірлікте» ұранымен көмек көрсету шаралары қолға алынып, соның нәтижесінде облыс орталығынан ауданымызға облыстық мекеме, ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілер және өзге де жанашыр азаматтардың көмегімен жинақталған азық-түлік пен қажетті тауарлар тиелген жүк көлігі жөнелтілді. Облыс тұрғындары ауданымызда орын алған апаттық жағдайға бей-жай қарамай, жанашырлық танытып келеді. Жақсыбай ауылына жөнелтілетін бұл тауарлар зардап шеккендерге таратылып беріледі. Алайда, ауылмен қатынайтын жолдың нашар болуына байланысты аудан орталығына келген жәрдем тауарлары жергілікті атқарушы биліктің…

0
0
265

Су тасқынынан орын алған Жақсыбай ауылында болды

"AMANAT" партиясының облыстық және аудандық мәслихаттарының депутаттары Есқайыр Елемесов, Біржан Қуаналиев және Бауыржан Қарақұлов көктемгі су тасқынында орын алған Жақсыбай ауылында болып, қалыптасқан ахуалмен танысып қайтты. Сапар барысында депутаттар жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақ-сауалдарына жауап берді, сондай-ақ "АMANAT" партиясы атынан азық-түлікпен көмек көрсетті . Әрине, көрсетіліп жатырған көмек зардап шеккендерге көрсетілетін қолдау мен жәрдемнің тек бастамасы ғана және мұндай игі іс барлық жанашыр адамдар тарапынан жалғасын табатындығына сенімдіміз.

0
0
218

Құрметті жерлестер

Құрметті жерлестер! Көктемгі су тасқыны еліміздің көптеген аймақтарына залал келтіріп жатырғаны мәлім. Өкінішке орай, ауданымыздың Талов және Жақсыбай ауылдарына келген су арналардан тасып, тұрғын үйлер мен түрлі нысандардың ішіне еніп кетуде. Соның салдарынан ауыл тұрғындарының мүлкіне шығын келіп, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуде. Бұл жағдайда, жергілікті атқарушы органдар тиісті мекеме, ұйымдармен бірлесе отырып, тұрғындарын құтқару, оларды қауіпсіз орындарға орналастыру, сондай-ақ табиғи апаттың салдарын жою бойынша қажетті шараларды қолға алуда. Бұл тұрғыда, ауданның барлық тұрғындары қалыптасқан ахуалға алаңдаушылық танытып, облыстық және аудандық мәслихаттардың бірқатар депутаттары Есқайыр Елемесов, Біржан Қуаналиев және Бауыржан Қарақұлов жергілікті тұрғындардың хал-жағ…

0
0
239

«Күйгенкөл», бастауыш партия ұйымдында жолдауды талқылау

"AMANAT" партиясы Жәнібек филиалына қарасты «Күйгенкөл», бастауыш партия ұйымдында ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқылады. «Күйгенкөл» бастауыш партия ұйымының жиналысын бастауыш партия ұйымының төрағасы Саят Тарғынов ашып, жүргізіп отырды. Саят Тарғынов өз сөзінде ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын партия мүшелеріне түсіндіріп және көрсетілген бастамалардың іске асуына әрбір партия мүшесін атсалысуға шақырды.

0
0
268

«Тау» бастауыш партия ұйымында жолдауды талқылау

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының «Тау» бастауыш партия ұйымында, осы ұйымның төрағасы Нұрлыбек Турешев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын түсіндірді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

0
0
208

"Ақоба" БПҰ Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жолдауын талқылау

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының "Ақоба" БПҰ төрағасы Нұрлыбек Жакиннің төрағалығымен ел Президенті, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жолдауын талқылау бойынша жиыны өтті.

Жиында " Ақоба " Бастауыш Партия ұйымы төрағасы Нұрлыбек Жакин бұл маңызды Жолдау елдің экономикасы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанын, ел дамуына жаңа серпіліс берген Жолдау екендігін, алдағы уақытта партияны жаңғыртуға бағытталған мақсат- міндеттерді барша партияластар бірігіп, жұмыла жүзеге асыру керектігін айтып, жиынды қорытындылады.

0
0
225

«Борсы» бастауыш партия ұйымында жолдауды түсіндіру

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының «Борсы» бастауыш партия ұйымында, осы ұйымның төрайымы Айгуль Беккалиева және ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын түсіндірді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

0
0
189

«Жәнібек» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев және ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ляззат Садирова «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Кездесуде күні кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын түсіндірді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

0
0
246

Ауыл тұрғындарын қабылдады

"AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық маслихат депутаты Біржан Куаналиев ауыл тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар атаулы әлеуметтік көмек алу және материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша сұрақтарымен жолықты. Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындарының мәселелерің шешу жолдарын түсіндіріп берді.

0
0
197

Партия активінің отырысы өтті.

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен «AMANAT» партиясы аудандық филиалы партия активінің отырысы өтіп, оған партия саяси кеңесінің мүшелері, фракция депутаттары, партия белсенділері офлайн, ауылдық округтердегі бастауыш партия ұйымының төрағалары онлайн форматта қатысты.-Өздеріңізге мәлім, күні кеше Қазақстан Республикасының Президенті, «AMANAT» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын, мемлекеттік қызмет пен белсенді қоғам өкілдері ретінде баршаңыз да аталмыш Жолдауды еліміздің жетекші телеарналарынан қарады деп есептеймін. Бүгінгі партияның актив отырысының күн тәртібінде осы Жолдауды талқылайтын бо…

0
0
249