Перейти к содержимому
zhanibek.nurotan.kz

Жанибекский филиал

@zhanibek.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 18 қыркүйекКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" Жанибекского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

251

жазбалар

824

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Ұлттық мереке Республика күніне арналған мерекелік кеш өтті.

Аудандық мәдениет үйінде 25 қазан — ұлттық мереке Республика күніне арналған мерекелік кеш өтті. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мерекелік шарада бір топ сала қызметкерлеріне алғысхаттар табыс етілді.

0
0
287

Баршаңызға белгілі 20 қараша – Президент сайлауы өтеді.

Халықтық Коалицияның шешімімен ел президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынылған болатын.

Бүгін ҚР «Сайлау туралы» заңына сәйкес, сағат 18:00-ден үгіт-насихат науқаны басталды.

Халықтық коалицияның белсенділері еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат баспа өнімдерін тарату және ақпараттық материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерге жариялауды бастады.

#Тoqaev2022

0
0
244

Райымбек Меңдіғалиевтің жүлдесіне арналған самбо күресі

Жәнібек спорт клубында аудандық ішкі саясат, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Райымбек Меңдіғалиевтің жүлдесіне арналған самбо күресінен 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер ұлдар арасындағы аудандық іріктеу турнирі басталды. Жарысқа Ақоба, Жәнібек,Тау ауылдары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бақтарын сынауда. Ашылу салтанатында сөз алған "AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев самбо күресіне еңбегі сіңген Райымбек Ромашұлының өмірбаяны мен спортқа қосқан үлесі жайында айтып өтіп, барша қатысушы спортшыларға сәтт…

0
0
261

«Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу»

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің студентерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл кездесуге колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Айдарбек Джуманиязов, колледж психологы Алиса Бакишева қатысып, білім алушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттілігі туралы түсіндіріп, қолданыстағы заңнама бойынша жіктелетін қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың түрлерін атап өтті. Сондай-ақ заңдылықты сақтау жөнінде заңнамада көзделген міндеттер аталып, жасөспірімдердің құқықтары таныстырылды.

Кездесу барысында білім алушылар өз сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті. Өз кезегінде Айдарбек Джуманиязов берілген сұрақтарға тиісті жауап қайтарды.

0
0
144

Жадырап жайнай бер Жәнібегім!

Тау ауыл әкімі аппаратының және модельді кітапхананың ұйымдастыруымен ауданымыздың 100 жылдығына арналған "Ғасыр ғажап құтты болсын туған жер" атты шара Тау ауылында өткізілді. Өз кезегінде Тау ауылдық округінің әкімі Кенжебек Еркегулов ауыл тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.Шара барысында Гүлдана Ғазезова мен Мейрамгуль Жұмалиева баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің оқушылары Жәнібек ауданы туралы өлеңдерін арнады және "Жәнібегім, туған жерім қымбатсың" атты кітаптар көрмесімен таныстырды. Жиын соңында ауылдың үлкендері өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, ақ батасын берді.

0
0
169

"Хиуаз Доспанова" тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды

18 қазан күні мекемемізде екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен көзге түсіп, жау әскерін жермен-жексен еткен қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың туғанына – 100 жыл толуына орай «Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Шараны мекеме директоры Н.Мизамбаев талай рет көкке самғап, жаудың сағын сындырған қазақ қызының есімін елдің ұмытпағанын әрқашан халық, ұрпақ жадында қалатынын сөзге тиек етті. Оқу-тәрбие ісінің орынбасары С.Избасова Хиуаз Доспанованың өмір жолы, көрсеткен ерлігі туралы өз баяндамасында мәлімдеді. Іс-шараның мақсаты ерлік есімдерін ұлықтау және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту, Қазақстанның қаһармандық ерліктерге толы тарихына құрметпен қарауға үйрету.

0
0
153

«Казтрансгазаймақ» Жәнібек газ шаруашылығының қызметкерлерімен кездесу өткізді

"AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында аудандық мәслихат депутаты Біржан Қуанәлиев және «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ляззат Абдулованың қатысуымен «Казтрансгазаймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының Жәнібек газ шаруашылығының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауы талқыланды.Жиын барысында ақпараттық топ мүшелері Жoлдауда айтылған мүмкіндіктерді пайдаланып, Жолдаудағы мәселелердің шешiлуі жoлында және елімізді дамыту бағытында сапалы қызмет атқаруымыз қажет екендігін айтты. Жолдауда айтылған шаpалар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал жасайтынына сенім бiлдіpіп, Жолдауды бiрауыздан қолдауғ…

0
0
253

Ерекше жандар арасындағы сайыс

Жәнібек спорт клубында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында көп сайыстан аудандық турнир өтті. Жарыста дойбы, үстел теннисі, асық ату, арқан тартыс, қол күресі және баскетбол добын торға лақтыру секілді сайыстарда қатысушылар сынға түсті. Ашылу салтанатында «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Жарыс қорытындысында асық атудан 1, 2, 3-орындарға тиісінше Жансен Зейнетолла, Әлихан Бисек және Ерқанат Оңайәлиев ие болса, дойбыдан Жамбыл Исатаев 1-орын, Виктор Кажанов 2-орын, Нүркен Үмбетәлиев 3-орыннан көрінді. Сонымен қатар әйелдер мен ерлер арасындағы қол күресіне…

0
0
118

20 қараша – президент сайлауы

Сайлау болатыны туралы 1 қыркүйекте президенттің Жолдауында айтылған болатын. Сайлау - жаһандық саясаттың жылдам және өзгермелі уақытында халықты демократиялық жолмен сайланған Президенттің айналасында біріктірудің нақты мүмкіндігі. Референдумның нәтижелері, жаңартылған Конституция қалай болғанда да сайлау арқылы бекітілуі керек. Билік пен қоғам жаңа ережелер бойынша өмір сүріп, жұмыс істеуі тиіс.

#сайлау2022

#AMANAT

0
0
140

Жадырап жайнай бер Жәнібегім!

Жәнібек ауданының 100 жылдығына орай

"Ғасыр тойың құтты болсын туған жер" атты мерекелік шара өткізілді. Өз кезегінде Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі С.Таргинов ауыл тұрғындары мен қонақтарын құттықтады, ауыл өнерпаздары тамаша концерт тарту етті. Ауылдың үлкендері өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, Еліміз тыныш жұртымыз аман болсын деп батасын берді.

Мереке жалғасын тауып ауылдық округ елді мекендерінің "Жасқайрат", "Өнеге", "Ауыл жастары", "Мектеп оқушылары", "Мектеп оқышылары 2" командалары шағың футболдан сыңға түсіп өзара мықтыны анықтады

0
0
161