Соғыс болмасын
Мен, Абуов Ерназар, бүкіл жер шарындағы азаматтарға үндеу хат жолдаймын. Жер шарында үлкен де кіші де соғыс болмасын. Азаматтар мен азаматшалар соғысты болдырмайық, онсызда адам қасіретіне ұшыраған табиғи апат, ауру сырқау, зорлық-замбылық, жол апаттарының да саны да аз емес. Азаматтар, бір-бірімізге қастандық жасамайық, онсыз да қысқа өмірде Алланың берген жасын жасап, тату-тәтті, бақытты байсалды өмір сүруге тырысайық. Өз-өзімізге қиянат жасамай, келешек ұрпақты адамгершілік жолына жетелейік. Бір данышпан айтқан екен «Соғыс зардабын шекпеген ұрпақ, оның зардабын түсінбейді. Сондықтан жер-шарында соғыс қайталанады». Міне, кеше ғана Аллаға шүкір Жеңістің 70 жылдығын тойлаадық. Жетпіс жыл сұрапыл соғыс болған жоқ. Еште болмасын да. Азамат, әрбір қастандық әрекет алдында ОЙЛАН. Сенің де жан…