Қашықтықтан оқу
Бүкіл әлем бойынша болып жатқан пандемияға қатысты барлығымыздың қашықтықтан сабақ оқу қажеттілігі туындады. Сол себепті жылдың екінші жартысынан бастап ауылға жол тартып, онлайн сабақ оқып бастадық. Шындығына келгендн, қашықтықтан оқыту – қазіргі заман талабы. Онлайн білім алудың оңды және кері әсерлері бары анық. Пандемия барша адамзат үшін түбінде терең тәрбиелік маңызы бар сынақ болды десек, қателеспейтін шығармыз. Күнделікті күйбен тіршілікпен өмірдің, уақыттың, жақындарымыздың қадірін естен шығарып, ұмытып кеткендейміз. Кейбіріміз атақ қуып, кейбіріміз мансап қуып дүниелік нәрселерге жүректерімізді бағындырып жатамыз. Ал шынайы бақыт, ол – жүрек тыныштығы. Бүкіл әлемде бейбітшілік туының орнауы, ата-анамыз, дос-жарандарымыздың аман-есен болуы. Шүкіршілік азайып, жанымыз жүдеп, барлы…