«Бесік – ұлт тәрбиесінің айнасы»
Адамзат тарихындағы қоғамның алдында тұратын ұлы мұрат міндеттердің бірі – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Осы тұста көшпелі қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне орасан зор көңіл бөлгені белгілі. Жаңа туған нәрестенің өміріндегі алғашқы дәстүр ол бесікке бөлеу, сондықтан да қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп ой топшылаған. Бүгінгі заманның ағымана қарай дәстүрлі бесік, яғни бесікке бөлеу салты артта қалыс қалып баражатқан көрінеді. Оған себеп, жас ата-аналар нәреслеріне соңғы үлгідегі жатын төсектерін, бесік арбаларды алуды әлде қайда тиімді деп есептейді. Дегенмен, бесіктің бала тәрбиесіндегі ыңғайлығын ысырып тастау мүмкін емес. Ерте заманда, бесікті көшіп – қонған халыққа түйеге артып жүру қолайлы болған, себебі ол иіп кептірілген ағаштан жасалға…