"Журналист" газеті қалың оқырманмен қайта қауышты
Осыдан бірнеше ай бұрын газет уақытша шығуын тоқтатқан болатын. Міне, содан бері газет қайта жанданып, тұрақты оқырмандарына ұсынылып отыр. Аталмыш газеттің жарық көруіне университет табалдырығын енді ғана аттаған журналистика факультетінің 1-курс студенттерінің қосқан үлесі орасан зор. Бұл ретте газеттің жас оқырманы, журналистика факультетінің 1-курс студенті Сұлтан Бағдат: "Газеттің бізге берер пайдасы орасан зор. Газет ішіндегі түрлі тақырыпта жазылған әңгіме, мақалалардан бөлек сұқбаттар мен жауқазын жырларды оқи аламыз",-деп өз пікірін ортаға салды.Иә, расында газеттің әр бетін парақтай отырып қызықты тақырыптарды көзіңіз шалады. Дизайнының өзі бір төбе. Осыдан-ақ журналистика факультетінің есігін қаққан жас толқынның дизайнерлік шеберлігін, күн санап артып келе жатқан ізденісін көр…