Неге интроверттер экстраверттерді "көре алмайды"?
Психологияда тұлғалық табиғатына сай әдетте адамдарды екі категорияға бөлеміз: интроверттер мен экстроверттер. Олардың болмысы абсолютті қарама-қарсы келетіні сонша, егер бір жерде бас қоса қалса, әңгіме нәтиже бермеуі мүмкін, себебі олар бір-бірін түсінуге қиналады.Сонымен қатар, экстраверттердің мінез-құлқы қоғамға әлдеқайда түсінікті екені анық, өйткені олар әрқашан кез келген әңгімеге ілесіп кете береді. Олар жалпы үлкен қонақтықтарды, жаңа таныстарды, ұзақ әңгіме айтуды, көпшілік алдында сөйлеуді ұнатады, және олардың мінезінің ерекшеліктерін мақтаныш тұтады. Бірақ интроверттердің не ойлап, не қоятынын анықтау олардың табиғатынан құпия келуіне байланысты қиынырақ соғады. Өздерін интровертпін деп атай отырып, олардың нені меңзеп отырғанын түсіну де оңай емес. Себебі экстроверттер қоға…