Депутат қызғалдақ жұлғандарға салынатын айппұлды алып тастауды ұсынды
Ол адамдар бұл өсімдіктердің сирек кездесетінін білмей миллиондаған айыппұл төлеп, несиеге кіріп жататынын айтты.«ҚК-нің 335 және 336-баптарында санкциялар өте қатаң. Бүгінгі таңда азаматтарымыз жабайы қызғалдақтар мен лотостарды жұлып алғаны үшін миллиондаған айыппұл төлейді. Көп адам олардың Қызыл кітапқа енгенін білмейді. Мысалы, бірнеше жабайы қызғалдақты жұлып алған адам ұсталды. Оған 8 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. Бұл айыппұлды жабу үшін ол несие алып, өзін тығырыққа тіреді. Мұндай адамдар үшін жазаны жеңілдету қарастырыла ма? Мүмкін, бұл жабайы қызғалдақтар мен лотостарды сирек кездесетін өсімдіктер тізімінен шығарып, Қызыл кітапқа енгізу керек шығар»- деп сұрады депутат Мәжіліс отырысында.Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Қазақстан Конституциясының 38-бабы…