Мамандық-өмір таңдауы
«Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан топ баспастан жалтырай да жарқырай береді» де, Қаныш Сәтбаев атамыз айтқандай, мына біз жастардың оқуда озат, әлем жаңалықтарынан құлағдар, дамыған елдер қатарында көш түзейтін елі үшін барын салуды Жастарға артылған міндет деп білеміз. Ол үшін әр бір жас түлек, болашақта Қазақстан Республикасына өз үлесін қосу үшін, болашаққа сенімді қадам басу үшін, білім алатын ордасы мен өзінің ішкі жан дүниесіне сай келетін мамандықты дұрыс таңдай білуі қажет.87 жылдық тарихы бар еліміздегі жоғары білім ордасы болып табылатын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бүгінгі таңда еңсесі биік. Оқу орнының қазақ халқының тарихындағы алатын орны да ерекше. Университет алғаш құрылған кезден бастап күні…