Барлығы үшін разы бол.
Әр кімнің ойлау қабілеті әр түрлі. Соңғы кездері айналамда болып жатқан дүниелерді, өтіп жатқан өмірім мен уақыттымның қадірі жайлы көп ойланып жүрмін. Ойымды жинақтап, өз-өзіммен сырласу үшін осы демалыстарда таза ауамен тыныстап, тауға шығып келуді жөн көрдім. Өзімнің нені қалайтынымды, өмірімді қалай сүргім келетінін және бақытты болу үшін не істеу керек деген сұрақтар беймаза ойға сала берді. Жан мен тән қалауын баланста ұстау мен үшін өте маңызды. Өзімді естіп, сырласып біраз сұрағыма жауап таптым. Ең бастысы, жан тыныштығын сезіндім. Күнделікті өмірдің ғажаптарын байқауға тырыс! Бақыт сен ойлаған алыс, бұлыңғыр болашақта емес, күннің атқанынан бастап, деніңнің саулығы, аман-есен оянғаның мен жақындарыңның жылулығында. Бастаған әр ісіңді аяғына дейін жеткіз. Жеңістің дәмін татқан ада…