Мазмұнға өту
userfacebook411835812970027

Ernur Kz

@userfacebook411835812970027

Сайтта 2019 ж. 18 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

47

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Көлікті дұрыс жуып жүрсіз бе? (кеңестер)

Көлік жуу туралы не білесіз? Иа, көлікті жуып, тазалап жүрген жақсы. Бірақ оның да кесірі тиеді, өйткені дұрыс жумау көліктің сыртқы көрінісіне теріс әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, жүргізушілер арасында көлік жууға байланысты көптеген заңдылықтар бар. Көлікті тым жиі жуу зиянды Көптеген автокөлік иелері: «Жиі жуу көліктің сыртқы келбетін (кузов) бұзады деп санайды. Сонымен қатар, кейбіреулер машинаны сатып алғаннан кейін біраз уақыт жууға болмайды, өйткені бояу қабаты қорғаныш қасиеттерін жинау үшін уақыт қажет», — дейді. Бұларды шындық деп сеніммен айта аламыз. Әрине көлікті сатып алған күні жууға болады, бірақ сізге пайдасы көп болмайды. Есіңізде болсын! Көлікті қажетсіз кезде жуудың өзіндік зияны бар! Қолмен жуу – ең қарапайым әдіс Көлікті қолмен жуу – кірден тазартудың ең оңай жолы.…

0
1
855

ЖАҚСЫ ЕНЕнің 15 әдеті

Біреудің үкілеп өсірген қызы келін етіп алғаннан соң, аяқты созып, қолды жылы суға малып отыруды қалайды енелер. «Бір отбасы мүшелерін отырғызып қойып, барлығын өзі істейтін, зыр жүгіріп аяғы жерге тимейтін» келінді тек ертегіден ғана еститін шығармыз. Сондықтан, енелер мен болашақ енелер өмірге шынайы көзбен қарағаны дұрыс шығар. Себебі, ұл сіздікі болса да, оның өмірі сіздікі емес. Отбасындағы тыныштықты қалайтын, ұлының бақытты өмір сүргенін қалайтын бір ананың қолданған 15 түрлі амалын сіз де қолданып көріңіз, бәлкім пайдасы тиер… 1. Сананы шарлап кететін түрлі жаман ойларға жол бермедім. Құрбыларым, абысындарым өздерінің келіндері жайлы айтқанда салқынқанды қалпымнан таймадым. Олар өздерін келіндерінің ұнатпай жүргенін айтып налығанда көңіл жұбатарлық сөздерімді айтқаныммен, оларды а…

0
0
513

​«Жол беру» дәстүрі жайлы не білеміз?

Анамның «Ер кісінің алдын кесіп өтпе» деген ескертпесі өмір бойына азық маған. Ер адамнан бөлек, үлкен әже-апалардың да алдын кеспейтінді әдетке айналдырғам. Бірақ жақында қызық жағдай болды. Осы әдетімнен аспай жолда келе жатқан әжені күтіп тұрғанмын. Ол мені көрген бойда дереу тоқтай қалып, «өте бер қызым, ізеттілігіңе рахмет. Өсіп-өн» деп батасын берді. Сонда да жүріп кетуді жөн көрмедім. Мұны байқаған әжей: «Жүкті екенсің қарағым, құрсағыңдағы алтын асықтай ұл болар. Ел тізгінін ұстаған көшбасшы болар. Енді ғана дүниеге келетін болашақ ел азаматының алдынан мен кеспейін» деп маған жол берді. Әже екеуміздің арамыздағы кішкене ғана сұхбат маған көп жайтты аңғартты. Демек, жол беру тек үлкендерге ғана тиесілі құрмет емес екен. Қазақ халқы «Жол беру» дәстүріне үлкен құрметпен қараған. Мәс…

0
0
831

Су болған аяқкиімді КҮРІШ пен ТҰЗ әп-сәтте кептіріп береді

Биылғы ауа-райы қыстан гөрі көктем мен күздің жаңбырлы күндерін көбірек еске түсіріп тұр. Ал мұндай күндерде үстіміздегі киімнен бұрын аяқкиімнен бірінші су өтетіні сөзсіз. Сырт киімдердің су болғаны қорқыныш емес, өзгесін ауыстырып ала қоясың, ал аяқ киімнің бір маусымға екі-үш жұбын алып қоюға көпшілігіміздің шамамыз келе бермесі анық. Сондықтан су болған аяқ киімді тез арада кептіріп ала қою қажет.Ол үшін не істеу керек? Мұның бірнеше ерекше тәсілдері бар. Соның ішінде аяқкиімді бүлдіріп алмай үй жағдайында қолда бар заттармен тез құрғатудың бірнеше құпиясын біле жүріңіздер. Аяқ киімді дұрыс әрі тез құрғату үшін бірнеше кеңестерге назар аударған жөн. 1. Былғарыдан жасалған аяқ киімдер ылғалды көтере бермейді. Суға түсе берген соң олардың бастапқы қалпы тез өзгеріске ұшырайды. Сондықтан…

0
0
682

3 күнде 5 кг-ға арықтататын ДИЕТАЛАР - ТОП-10

Ежелден-ақ нәзікжандыларды, тек олар ғана емес, артық салмақпен күресіп келе жатқан барлық адамзатты ойландырып келе жатқан сауал бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Ол «Артық салмақтан қалай жылдам әрі тиімді жолмен арықтауға болады?» деген сұрақ. Аз уақыттың ішінде денсаулыққа кері әсерін тигізбей, артық салмақтан арылтатын диета түрлері де көптеп жазылып жатыр. Шындығында әркімнің ағзасының ерекшеліктеріне орай, әр түрлі диетаны ұстану маңызды. Маманмен кеңесу де өзіңіз үшін ыңғайлысы болмақ. Диетолог мамандарының айтуы бойынша ең ыңғайлы және жылдам салмақ тастауға сеп болатын зиянсыз диетаның 10 түрін ұсынамыз. 1. Голливуд таңдауы Диетаның бұл түрі әлем жұлдыздарының арасында кең тараған. Диетаның ұзақтығы ЕКІ апта. Бұл диетада сіз тұз, қант және майдың қандай түрі болса да өте…

0
0
965

ЖАЛҒЫЗДЫҚтан құтылу үшін не істеу керек?

2019 жылы жүрегіңіздің қалауын, екінші жартыңызды тапқыңыз келе ме? Онда ең бірінші психологияңызды өзгертіңіз! Қалай? Психологтар қандай да сұрағыңыздың жауабын сол нәрсені бастан өткізіп, белгілі бір нәтижеге жеткен адамнан ғана таба аласыз дейді. Осы орайда мен «Жалғыздықтан қалай құтылуға болады?» деген сауалымды Нұржан есімді танысыма қойған едім. Ол 40 жасқа келсе де сүрбойдақ жігіт еді, жақында үйленді. Сонымен, ол бойдақтықпен қоштасып, отбасы құрғысы келетін қыз-жігіттерге былай деп кеңес береді: КЕҢЕС: Бірнеше жылда қаншама әйелмен танысып, сөйлесіп олардың психологиясын бес саусақтай біліп қалдым деп айта аламын. Әйелдер психологиясын сәл-пәл өзгертпесе, олар ешқашан жалғыздығын ұмыттырар еркекті таппайтынын айтқым келеді. Осы тұста мен оң жақта отырып қалған қыздарға және жалғ…

0
0
1032

Жұлдызнама: Сізге қай асыл тас сәттілік әкеледі?

Асыл тастарды жай әшекей үшін тақпаңыз. Өзіңіздің жұлдыз белгіңізге сәйкес келетінін таңдаңыз. Сонда ол сізді келеңсіз жәйттен сақтап, сәттілік әкеледі, тағдырындағы оң өзгерістерге ықпал етеді дейді болжамшылар. Ендеше, асыл тасты әшекей бұйым таңдарда жұлдызшылардың айтқанына құлақ асқан артық болмайды. Тоқты Бойында ашушаңдық пен қызуқандылығы, өзімшілдігі басым Тоқтыларға ұстамдылық сыйлайтын тастар таққан абзал. Айталық, әйел Тоқтылар жасыл түсті гауһар, анартас, ақшыл көк түсті аметист, циркон, қызыл түсті яшма таңдағаны дұрыс. Ал, Тоқты ерлерге анартас пен аметист тастары сәйкес келеді. Сондай-ақ, Тоқтыларға бақыт әкелетін тастың бірі — гаухар. Барлық ісінің сәтті жүзеге асуына сеп болып, аурудан, келеңсіз жәйттер мен көз өтуден сақтайды. Торпақ Торпақтар үшін бақыт тасы — аспан тү…

0
0
1222

Бұл пицца басқасынан өзгерек: шұжықшамен дайындаудың ерекше тәсілі

Әдетте, біреулер пиццаны дәмді ететін — оның түрлі салмаларының мол болуына мән берсе, енді бірі сапасын оның қамырымен өлшейді. Дәмді пицца пісіру үшін оның ерекше түрін іздейтін қыз-келіншектер көп. Ендеше, қабыл алыңыз! Салмасы мол әрі ерекше тәсілмен, әдеттегі пиццаны дәмдірек, тойымды етіп дайындаудың түрін ұсынамыз. Қажетті өнімдер: 1. 800 гр. ұн 2. 2 дана жұмыртқа 3. 6 ас қасық өсімдік майы 4. 10 гр. ашытқы 5. 2 ас қасық қант 6. 500 мл су 7. 1,5 шай қасық тұз 8. 5 дана шұжықша (сосиска) 9. 60 гр. ысталған шұжық 10. 30 гр. саңырауқұлақ 11. 1 дана тұздалған қияр 12. 2 дана черри қызанағы 13. 100 гр. қатты ірімшік 14. 10 гр. майонез 15. 10 мл кетчуп Дайындалу тәсілі: 1. Қамырды илеп аламыз. Ол үшін табаққа жұмыртқа мен қантты, тұзды салып көпіршітеміз. Сосын жылы су құйып, барлығын ар…

1
0
536

Ресми астанасы жоқ, тіпті астана салатын жері жоқ елдерді білесіз бе?

1. Үндістанның ауысып тұратын астаналары Үндістанның Джамму және Кашмир деп аталатын біріккен штаттарының екі маусымдық орталықтары бар. Джамму штатындағы Джамму қаласы қазаннан наурызға дейінгі «қысқы орталық» болса, Кашмирдегі Сриганар қаласы наурыздан қазан айына дейінгі «жазғы орталық» болып есептеледі. Себебі, Джамму қаласында қыста, Сриганар қаласында жазда ауа райы қолайлы болады. 2. Танзания – екі астанасы бар ел Ал Танзания мемлекетінің екі астанасы бар. Тарихи астанасы Дар-эс-Салам мемлекеттің әкімшілік орталығы болса, Додома заңды астанасы болып есептеледі. 3. Лихтенштейн астанасы – станциясы жоқ қала Лихтенштейн астанасы Вадуцта әуежай немесе темір жол станциялары жоқ. 4. Мексика астанасы – шаңды қала Мехико – Мексиканың астанасы және ең үлкен қаласы. Федералды округте 20 милл…

0
0
839

Аулаңызға шырша өсіргіңіз келсе, ақпан айын өткізіп алмаңыз

Көптеген қылқанжапырақты жасыл ағаштардың арасында көгілдір шырша элиталық өсімдіктер қатарына жатады. Оның ғажайып түр-түсі мен сәнді қылқандары және көрнекті түрі өзге ағаштардан ерекше. Егер жер көлемі жағынан мүмкіндік болса бұл өсімдікті кез-келген жан өз ауласының сәніне айналдыра алады. Дегенмен мәңгі жасыл ағаштың көшеті аз ақша тұрмайды. Сондықтан оны бүршігінен немесе қалемше көшеті арқылы өсіруге болады. Ұрықты дайындағанда… Тек көгілдір шыршаны ғана емес, сондай-ақ мәңгі жасыл ағаштардың кез-келген түрін өндіруді, тұқымды дайындаудан бастайды. Алдымен өзіңізге ұнайтын көгілдір шыршаның түрін таңдап алыңыз. Өсімдікте бүршік түйіндер қалыптасқанын қараңыз. Егер олар бар болса, күннің салқын ауа-райында түйіндерді барынша көп етіп жинап алыңыз. Тұқым неғұрлым көп болған сайын сіз…

0
0
657