Мазмұнға өту
userfacebook411835812970027

Ernur Kz

@userfacebook411835812970027

Сайтта 2019 ж. 18 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

47

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

2019 жылы екі бүктелетін смартфоныңыз болады.

Дүниежүзіндегі жаңалықтар ешқашан тоқтаған емес. Сол сияқты әрдайым гаджеттердің де жаңа үлгілері пайда болып жатады. Сондықтан, бүгін біз Сіздерге 2019 жылы шығатын үздік гаджеттер тізімін ұсынамыз. 1. Samsung Galaxy Flex икемді смартфоны Гаджет Galaxy F атауын алады және екі негізгі экран болады. Экранның сыртқы жағын қолданғанда қарапайым смартфон болып жұмыс істейді, ал оны ашқан кезде пайдаланушы екі экранды шағын планшет ретінде қолдана алады.Samsung ұсынатын смартфон 2019 жылдың наурыз айында шығады және бағасы 1 770 АҚШ долларынна тең болады деп күтіліп отыр. 2. Microsoft Holens-2 Microsoft HoloLens – бейнелі қосымшалармен шынайы әрекеттесуге мүмкіндік беретін көзілдірік. Microsoft HoloLens-тің бірінші нұсқасы жылдың басында, ал екінші нұсқасы 2019 жылдың екінші жартысында шығады…

0
0
529

ҚЫСҚА мойынды ҰЗАРТЫП көрсету үшін қандай АЛҚА таққан дұрыс?

Сіз мойныңызға алқаны қандай мақсатта тағасыз? Сән үшін бе, әлде кемшілігіңізді жасыру, я болмаса жұрттың назарын алқаға аудару… Мейлі, қандай мақсатта тақсаңыз да оны сауатты үйлестіре білсеңіз болғаны. Есімі Гиннесс рекордтар кітабына енген, әлемдегі ең табысты әйел-әнші Мадоннаның «1 метр матадан әдемі көйлек тігіп киюге де, оны еден жуатын шүберекке айналдыруға да болады» деген сөзі бар. Дәл сол сияқты таққан бір ғана алқаңыз көркіңізге көрік қосуы да, керісінше сұлулығыңызға сын келтіруі де мүмкін. Бұл үшін алқа тағудың өзіндік ережесін білгеніңіз жөн. АЛҚА ДА КИІМ СИЯҚТЫ... 1.Алқа киім секілді, мерекеге, маңызды кездесулерге, кеңсеге, күнделікті, той-томалаққа арналған боп бөлінеді. Күнделікті және кеңсеге арналған киімдердің мойыны көбінесе «О», «V» образды болып келеді. Мұндай киі…

0
0
745

Ангинаны 8 түрлі жолмен емдеуге болады

Баспа ауруын басып емдеуге болмайтынын аты айтып тұр. Сонда да тамақтағы ісікті басатындар бар ел арасында. Бірақ бұл әдіс аурудан айықтырмайды, керісінше асқындырады. Сондықтан да ангинаны ешқашан басушы болмаңыз. Баспа (ангина) – бадамша безінің қабынуынан белең алатын ауру. Тамаққа түскен инфекция қызуды көтереді, тамақты қызартады, әлсіздікке бой алдырады, басы ауырып, жұтынған кезде қиындық туындайды. Осы белгілер байқалған кезде дәріханада сатылатын емдік шөптер арқылы аурудың алдын алыңыз. Сізге көмек ретінде 8 әдісті ұсынамыз. 1-рецепт 1 ас қасық түймедақ (ромашка) пен 2 ас қасық жөке гүлін (липа) 1 стақан қайнатылған суға салып, қайнатасыз. 5-7 минуттан соң отты сөндіріп, 20 минуттай тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жұтқыншағыңызды, ауыз…

0
0
2462

Келін түскенде орындалатын дәстүрлерді білесіз бе?

«Сүйінші! Өмірге кестетігер келді! Дүниеге ханшайым келді!» — деп ел-жұртты шаттандырып, әулетті мақтаныш сезімі билеп, әкесі мен анасына қуаныш сыйлаған сүйінші хабар қыз баланың туылғанын білдіреді. Әрине, қыз – өрісің, қонағың, байлығың, қамқоршың, көмекшің, жанашырың. Барлық мейіріміңді төгіп мәпелеп, алақаныңда аялап өсірген қызың талай күндерді артқа тастап, бойжеткенде басқа елдің келіні болады. Барған елі мен өз елінің алтын көпірі атанады. Жаратылысы қандай нәзік болса, иығына артылған жүк сондай ауыр болмақ. Бауыржан Момышұлы атамыздың өзі қызды жер бетіндегі ең батыр адамға теңеген. Елді жаудан қорғаған батыл жүрек Бауыржан атамыз: — Жер бетіндегі ең батыр адам – қыз, деген. Оның мәнісін сұрағандарға былай деп жауап беріпті: — Мен қанша батыр болсам да, бөтен, танымайтын елде б…

0
0
1289

Ғалымдар: Жөтелге қарсы шәрбат бала денсаулығына қауіпті

Әрбір жанды мазалайтын ең танымал сұрақтарға ғалымдардың жауабы күткеннен мүлде басқа. Денсаулыққа келгенде бұл сұрақтар әрбірімізді мазалайтыны жасырын емес… Айтыла беретін жаттанды сауалдардың жауабына ғалымдар осылайша нүкте қойған тәрізді. Әрине, ғылымда жаңалықтар ашылып жатыр және әлі де ашыла береді. Бұл күні бүгінге дейінгі денсаулық мәселесінде туындайтын ең кең тараған сауалдарға ғалымдардың берген жауабы. Қант – жоғары белсенділіктің себебі ме? Жауап: ЖОҚ. Тағамдағы бояғыш заттар мен қоспалардың әсері бар, бірақ олар зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромын туындатпайды. Бұл туралы миф 1970 жылдары Америка педиатрия академиясына бір дәрігердің хабарлауы нәтижесінде пайда болған. Ол өзінің бақылауында қанттың гипербелсенділікті арттыратынын кездескенін айтқан. Бірақ з…

0
0
465

Мінезіңізде қандай мін бар?

Әркімнің-ақ бойынан әлсіз, осал тұсы табылады. Яғни, кемшіліксіз адам болмайды. Алайда, мынадай мінім бар екен деп, оны елең қылмай жүре беруге де болмас. Бойымыздағы жаманнан арылып, өз-өзімізді түзетіп, тезге салмасақ, тым болмағанда тырыспасақ, адамдығымыз қайсы? Ендеше, сіз өз бойыңыздағы қандай мінезге қарсы күресуіңіз керек? Тоқты Қырсықтық, көңіл-күйдің құбылмалылығы. Бұлар — өзіңізге де, өзгеге де зиянын тигізетін әдеттер. Сондықтан, арылуға әрекет жасаңыз. Қырсықтықты тұншықтырып, көңіл-күйіңізді барынша бақылауда ұстасаңыз, аз да болса басуға әбден болады. Торпақ Жалғыздыққа қатысты қорқыныш — сіздің ең әлсіз тұсыңыз. Бәлкім оған өткенде болған бір оқиғалар себеп. Алайда, қорқыныш деген — қараңғы шыңырау. Төменіне құлдилаған сайын айналаны айқын көруден қаласыз, қайта шығу да қи…

1
0
503