Әлемнің ең суық елдерінде болғыңыз келе ме?
Сондықтан, біз суық ауа-райын кейде жақсы көріп кетеміз және қысты жылдың ең керемет мезгілі деп санайтындар да бар. Қыс ең болмағанда, шыжыған күннен және барлық жерде қаптайтын масалар мен шыбындардан демалуға мүмкіндік береді. Тек жылы киініп жүру керек және жақындармен бірге қысты қызықты өткізу керек. Дегенмен, барлық жерде қыс соншалықты тартымды емес. Себебі, кейбір елдерде адамдар бірнеше айлап Күнді көре алмай, суықтың әсерінен мәселеге ұшырап жатады. Алайда, ол елдерде осындай қиын жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін білетін тәжірибелі адамдар өмір сүреді. Сонымен, ең суық елдер қандай? 10. Эстония Біз барлығымыз бір үлкен әлемде өмір сүргенімізбен, кейбір елдер туралы біле бермейміз. Соның бірі – Эстония. Бұл елді көп адам білмеуі мүмкін және ондағы суық климатқа байланысты…