Бұл қателікті жасамаңыздар, АНАлар!
Психологтардың айтуынша, әр адам жеке мемлекет сияқты. Бір мемлекеттің шекарасына келесі мемлекет күшпен еніп, оның белгілі бір бөлігін иемденбек болса не болады? Әрине, соғыс болатыны белгілі. Дәл сол сияқты кез келген адамды жеке тұлға, жеке мемлекет деп қарап, оның жан территориясының шекарасынан аспағанда ғана тыныш, бейбіт, келісімді өмір сүре аласыз. МЫСАЛ: Сәуле – жасы 45-тегі ана. Ал оның анасы қазір 70 жастан асты. Сәуле отбасының тұңғышы. Одан кейін төрт інісі бар. Оның анасы да әке-шешесінің жалғыз қызы болған. Кеңес Одағы кезеңінде астана – Мәскеу еді. Сәуленің сол Мәскеудегі аты дардай жоғары оқу орнында білім алған. Алайда, анасы тағдырдың бұйрығымен ауылдың жігітіне тұрмысқа шыққан. Сәуленің күйеуі де жоғары білімді адам. Ол балаларының болашағын қалада қалауды армандаған.…