«Nur Otan» тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша «111» байланыс орталығын іске қосты
Осы жылдың қыркүйек айынан бастап балалар мен ересектер «111 жедел қызметіне» балалардың құқығы бұзылған кез келген жағдай мен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша жүгіне алады. Аталған қызмет тәулік бойы жұмыс істейді және оған келіп түскен барлық хабарламалар мен өтініштер құпия сақталады. Call-орталық «Nur Otan» партиясының жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылды.Кеңес төрағасы Динара Закиеваның айтуынша, балаларға қатысты жылына 2000-нан астам қылмыс тіркеледі, оның 700-ге жуығы жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы жасалады. Ең өкініштісі, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 60%-ы отбасында орын алады.«Балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет болған немесе отбасындағы зорлық-зомбылық, балалардың құқығы бұзылғ…